Текст страницы
KZ
Кондиционер R32 суық агентімен
жұмыс істеуге арналған.
Кондиционерді пайдалануды бастар алдында,
осы нұсқаулықта берілген қауіпсіздік
нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдаланушыға оңай қолжетімді жерде сақтаңыз. ЕСКЕРТУ :
■Кондиционерді тазарту және еріту функциясын тездету үшін өндіруші ұсынбаған құралдар мен
әдістерді қолданбаңыз.
■Кондиционер үшін өрт қаупін тудыратын құрылғылар, мысалы, ашық жалын, жұмыс істейтін газ
аспаптары немесе электр жылытқыштары жоқ бөлмеде кондиционерді сақтау керек.
■Кондиционердің тоңазытқыш контурының кез-келген элементіне зақым келтірмеу үшін ерекше сақ болу керек.
Мысалы, фреон түтіктерін байқаусызда өткір затпен тесуге немесе бүгуге болады. Бұл жағдайда суық агенттің
ағып кету қаупі бар, бұл ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
■Суық агент ағып кетсе, оның иісі сезілмейтінін ескеріңіз.
■Кондиционер ауданы кемінде 3 м2 болатын үй-жайда сақталуы, орнатылуы және пайдаланылуы тиіс.
■Желілік кабель зақымдалған кезде оны ауыстыру үшін өндірушіге, авторландырылған сервистік
орталыққа немесе білікті маманға хабарласыңыз.
■Егер төменде аталған адамдар бақылауда болса, кондиционерді салыстырмалы түрде қауіпсіз пайдалану
туралы нұсқау берілсе және мүмкін болатын қауіптер туралы білсе ғана, кондиционерді 8 жасқа толған
балаларға, физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі адамдарға, сондай-ақ жеткілікті
тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға пайдалануға болады.
■Балаларға кондиционермен ойнауға тыйым салынады. Құрылғыны балалар тек ересектердің
бақылауымен тазалай алады.
■Кондиционерді электрмен қосу электр монтаждау жұмыстарын орындау жөніндегі қолданыстағы өңірлік
нормалар мен ережелерге сәйкес орындалуы тиіс.
■Барлық кабельдерде сымдардың еуропалық сәйкестендіру белгісі болуы керек. Монтаждау жұмыстарын
жүргізу кезінде кабельдерді ажырату кезінде жерге қосу сымының соңғы рет ажыратылуы қажет.
■Кондиционердің электрмен жабдықтау тізбегінің ажыратқышы ретінде барлық полюстерді ашатын
жарылысқа төзімді ажыратқышты және кем дегенде 3 мм ашқан кезде түйіспелер арасындағы
қашықтықты пайдалану керек.
■Кондиционерді монтаждауды қолданыстағы өңірлік нормалар мен ережелерге сәйкес білікті
мамандар орындауы тиіс.
■Кондиционер дұрыс жерге тұйықталуы керек.
■Кондиционердің электр тізбегіне жерге ағып кетуден қорғайтын жарылысқа төзімді тізбекті ашқышты және
токтың шамадан тыс жүктелуінен қорғайтын автоматты ажыратқышты орнату қажет.
■Кондиционерді монтаждау, қайта орнату немесе жөндеу кезінде кондиционерді толтыру үшін, тек сыртқы
блоктың тақтасында көрсетілген суық агентті, яғни R32 пайдалануға болады. Басқа суық агенттерді қолдану
адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, сонымен қатар кондиционердің дұрыс жұмыс істемеуі және істен
шығуы мүмкін.
■Бұл өнім тек тұрмыстық пайдалануға арналған және ЕАЭО аумағында өнеркәсіптік немесе
коммерциялық пайдалану мақсатында
■ЕАЭО аумағында сатуға арналған барлық Haier өнімдері шарттарды ескере отырып жасалған
қолданыла алмайды және міндетті сертификаттаудан өтті.
■Өнім Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.
№ ЕАЭО KZ С-CN.АЯ46.В. 33312/24 сәйкестік сертификаты 07.02.2024 бастап 06.02.2029 дейін жарамды.
■№ ЕАЭО N RU Д-CN.РА01.В. 87033/24 сәйкестік туралы декларация 09.02.2024 бастап 08.02.2029 дейін
әрекет етеді. Барынша толық мәліметтер берілген сәйкестік сертификаттарының және Еуразиялық
экономикалық одақтың сәйкестік туралы тіркелген декларацияларының бірыңғай тізілімінде көрсетілген.
2