Инструкция кондиционер настенный сплит-система Candy ACI-09HRR103/R3

KZ Монтаждау кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар (стр. 63 из 88)

Бренд: Candy

Страница 63 документа Кондиционер настенный сплит-система Candy ACI-09HRR103/R3. Раздел: Кондиционеры (сплит-системы). Бренд: Candy.

Текст страницы

KZ Монтаждау кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар


Негізгі тексерулер

1) Əрекеттер: ықтимал тəуекелдерді барынша азайту үшін барлық əрекеттер нұсқаулықтарға сəйкес орындалуы тиіс.

2) Монтаждау аймағы: бөлінуі жəне тиісті түрде оқшаулануы тиіс. Жабық кеңістікте жабдықпен жұмыс істеу ұсынылмайды. Кондицио-
нерлеу жүйесін іске қосар алдында немесе жоғары температуралы əрекеттер алдында алаңды ауа жаңартуді немесе желпуді
қамтамасыз ету керек.

3) Орнату орнын тексеру: хладагенттің зарядын тексеріңіз, хладагенттің ағып кетуін тексеріңіз.

-

4) Өрт қауіпсіздігін тексеру: қол жеткізу шегінде өрт сөндіргіш жəне "Темекі шегуге болмайды"деген тыйым салатын белгі орнату қажет.
Кондиционердің жанына от көздерін немесе жоғары температура көздерін орналастыруға болмайды.


Қаптаманы алып тастағаннан кейін жабдықты тексеру
1) Ішкі блок:
-

Ішкі блок азотпен толтырылған (буландырғышта). Ең алдымен, қаптаманы алып тастағаннан кейін, ішкі блоктың газ құбырының жасыл
пластикалық бітеуішінің жоғарғы жағында орналасқан Қызыл таңбаны тексеру керек. Бұл белгінің болуы буландырғыштың азотпен
толтырылғанын білдіреді. Содан кейін контурда азоттың болуын тексеру керек. Буландырғыштағы сұйық құбырдың қара пластик
бітеуішінің басу керек.Ішкі блоктан азоттың шығуы хладагент контурының қымтаулылығын бұзуды білдіреді. Бұл жағдайда блокты
орнату мүмкін емес.

2) Сыртқы блок:

Сыртқы блокта хладагенттің ағуы тасымалдау орамасы ішіне орнатылған ағып кету детекторы арқылы тексеріледі. Хладагенттің ағуы
анықталған жағдайда сыртқы блок сервистік орталыққа берілуі тиіс.Бұл жағдайда блокты орнату мүмкін емес


Орнату орнын тексеру

1) Кондиционерді ауданы ішкі блоктағы ескерту белгісінде көрсетілген мəннен аз үй-жайда орнатуға болмайды.

2) Əлсіз тұтанатын хладагент құйылған кондиционердің сыртқы блогын жабық үй-жайларда орнатуға болмайды.

3) Ішкі блоктың астына қуат көздерін, ажыратқыштарды жəне майлы жылытқыштар сияқты жоғары температурадағы басқа құрылғы-
ларды қоймаңыз.

4) Қуат тізбегі жерге қосу сымымен жабдықталған жəне сенімді жерге қосылған болуы керек.

5) Қабырғаға тесік жасамас бұрын, таңдалған позиция кіріктірілген инженерлік коммуникациялармен (су құбырлары/электр кабель-
дері/газ құбырлары) сəйкес келмейтініне алдын-ала көз жеткізіңіз.

• Жабдықты орнату кезіндегі қауіпсіздік ережелері

1) Орнату орнында жақсы желдетуді ұйымдастыру қажет (есіктер мен терезелер ашық).

2) Температурасы 54,8°С-тан асатын ашық отты немесе жылу көздерін (оның ішінде дəнекерлеу аппараттары, сигареттер, пештер)
тұтанатын хладагент құйылған кондиционердің жанында қолдануға болмайды.

-

3) Электростатикалық зарядтардан қорғау шараларын қарастыру қажет, мысалы, мақта киімдері мен мақта қолғаптарын пайдалану.

-

4) Орнату позициясы қондырғының ыңғайлылығы мен қызмет көрсетуін ескере отырып таңдалады. Жабдықты жылу көздерінің, тез
тұтанатын жəне тұтанғыш ортаның жанына орналастыруға болмайды.

5) Монтаждау кезінде хладагент ішкі блоктан ағып кеткен кезде сыртқы блоктың шұраны дереу жабылуы, терезелері ашық болуы, ал
барлық персонал эвакуациялануы тиіс. Ағып кету орнын анықтағаннан кейін бөлмедегі салқындатқыштың концентрациясын тексеру
керек. Бөлмедегі хладагент концентрациясы қауіпсіз деңгейге дейін төмендегенше одан əрі жұмыс істеуге болмайды.

6) Зақымдалған жағдайда кондиционерді техникалық қызмет көрсету орнына жеткізу керек. Тұтынушы аумағында салқындатқыш
агенттің құбырларын дəнекерлеу мүмкін емес.

7) Ішкі жəне сыртқы блоктардан ауа кіретін / шығатын үшін ешқандай кедергі болмауы керек. Электр құралдарын, автоматты
ажыратқыштарды, розеткаларды, бағалы заттарды жəне жоғары температура көздерін ішкі блокқа тікелей жақын орналастыруға
болмайды.

Қауіпсіздік
көзілдірігі

Кондиционердің жанындағы от
көздеріне тыйым салынады

Мақта маталарынан
жасалған киім
Мақта маталарынан
жасалған киім

Абайлаңыз!
Статикалық
электр

Пайдалану жөніндегі Нұсқаулық

Қызмет нұсқаулығын
оқыңыз

Пайдалану нұсқаулығын
оқыңыз

20

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Летний климат / Кондиционеры (сплит-системы)

9228140 VICKERS VCH-18HE/VCH-18HE

22 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Летний климат / Кондиционеры (сплит-системы)

AUX ASW-H18A4/FP-R1 - AS-H18A4/FP-R1

26 стр.