Инструкция кондиционер настенный сплит-система Candy ACI-09HRR103/R3

KZ Орнату алдында танысу үшін қажетті ақпарат (стр. 76 из 88)

Бренд: Candy

Страница 76 документа Кондиционер настенный сплит-система Candy ACI-09HRR103/R3. Раздел: Кондиционеры (сплит-системы). Бренд: Candy.

Текст страницы

KZ Орнату алдында танысу үшін қажетті ақпарат

Міндетті тексерулер

1. Кондиционерде хладагенттің қандай түрі қолданылатынын тексеріңіз. Жабдық R32 хладагентінде жұмыс істеуге арналған.

2. Хладагент контурына жəне қолданылатын хладагенттің қасиеттеріне қатысты деректермен танысыңыз. Деректер қызмет көрсету нұсқау-
лығында қамтылған.

3. Осы нұсқаулықтың басында берілген қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулерді мұқият оқып шығыңыз.

4. Ашық жалынмен салқындатқыш өзара əрекеттескенде (мысалы, жүйеден салқындатқыш ағып кетсе) улы газ (фтор қышқылы) пайда болады.
Сондықтан жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз ету қажет.

ЕСКЕРТУ!
• Ескі жалғағыш құбырды ауыстыру кезінде ескі құбырларды бөлшектегеннен кейін дереу жаңа блок аралық желілерді орнату қажет. Бұл
контурға ылғалдың түсуін болдырмау үшін қажет.
• Ескі HCFC (мысалы, R22 хладагент) құрамында хлор қоспалары бар. Бұл хладагенттердің жаңа түрлерімен қолданылатын хладагент майының
қасиеттерін нашарлатуы мүмкін.

Қажетті құралдар мен материалдар

R32/R410A хладагентiн қолданатын жүйені орнату жəне техникалық қызмет көрсету үшін келесі құралдар мен материалдарды дайындаңыз.

1. Тек R32-мен жұмыс істеу үшін қолданылады (R22 немесе R407C хладагентiмен пайдаланылмайды).

Құрал/материал
Қолданылуы
Ескерту

Манометрлік коллектор
Хладагенттi толтыру жəне
айдап шығару
Жоғары қысым жағында 5,09 МПа.

Құю құбыршек
Хладагенттi толтыру жəне
айдап шығару
Диаметрі ұлғайтылған жəне беріктігі жоғары шланг.

Хладагенттi жинау станциясы
Хладагенттi жинау
Баллонда R32 хладагенттің түрі көрсетілуі керек. Таңбалау баллонның
үстіңгі панелінде жасалуы керек. Таңбалау қызғылт түсті болуы керек.
Хладагенті бар баллон
Хладагенттi толтыру

Баллонды құю жалғастығы
Хладагенттi толтыру
Диаметрі ұлғайтылған жалғастық
Салмалы сомын (жаншылған
жалғау ушiн)
Құбырларды блокаралық
қосу үшін.
Салмалы сомын (2 түрі).

2. Кейбір шектеулермен R32-мен жұмыс істеу үшін қолданылатын құралдар мен материалдар

Құрал/материал
Қолданылуы
Ескерту

Тесік іздеуші
Хладагенттiң ағып кетуін
анықтау үшін
HFC хладагенттері үшін пайдалануға болады

Вакуумдық сорғы
Вакууммен кептіру
Сорғы кері клапанымен жабдықталуы керек

Құбыр кеңейткіш
Шырайналдыру үшін
Конустың өлшемдеріндегі айырмашылық

Хладагенттi жинау станциясы
Хладагенттi жинау
R32 үшін арналған болса, қолдануға болады.

3. R22 жəне R407C-мен жұмыс істеу үшін қолданылатын жəне R32-мен де қолдануға болатын құралдар мен материалдар

Құрал/материал
Қолданылуы
Ескерту

Кері клапаны бар вакуумдық сорғы Вакууммен кептіру

Құбырбүккіш
Құбырларды бүгу үшін

Динамометрлік кілт
Салмалы сомыны қатайту үшін

Қосылыстың ұлғайтылған мөлшері тек Ø12.70 (1/2") жəне Ø15.88 (5/8")
құбырларға арналған.

Құбыр кескіш
Құбырларды кесу үшін
Дəнекерлеу оттығы жəне азотпен
баллоны
Құбырларды дəнекерлеу
Хладагенттi құюға арналған
мөлшерлегіштер
Хладагенттi толтыру

Вакуумметр
Вакуум тереңдігін бақылау

4. R32-мен жұмыс істеу үшін қолдануға болмайтын құралдар мен материалдар.

Құрал/материал
Қолданылуы
Ескерту

Құюға арналған баллон.
Хладагенттi толтыру
Хладагент түрі R32 емес

R32 хладагентімен жұмыс істеуге арналған құралдарды сақтау жəне пайдалану тəсілі ылғал мен шаңның тоңазытқыш жүйесіне түсуіне жол
бермеуі керек.

33

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Летний климат / Кондиционеры (сплит-системы)

9228140 VICKERS VCH-18HE/VCH-18HE

22 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Летний климат / Кондиционеры (сплит-системы)

AUX ASW-H18A4/FP-R1 - AS-H18A4/FP-R1

26 стр.