Текст страницы
Wi-Fi арқылы жалғау
Алдын ала қосылымның тексеру тізімі
•• Wi-Fi қосылымы тек Samsung теледидарында қолжетімді.
•• Сымсыз маршрутизатор (Wi-Fi) қосылғанын және теледидар маршрутизаторға
жалғанғанын тексеріңіз.
•• Теледидар мен Soundbar құрылғысы бірдей сымсыз желісіне (Wi-Fi) жалғануы керек.
•• Егер сымсыз маршрутизатор (Wi-Fi) DFS арнасын пайдаланса, теледидар мен Soundbar
құрылғысы арасында Wi-Fi қосылымын орнату мүмкін болмайды. Мәліметтерді алу үшін
интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз.
•• Өндірілген жылға байланысты мәзірлер әртүрлі болатындықтан, теледидардың
нұсқаулығын қараңыз.
•• Теледидарды Soundbar құрылғысына Wi-Fi қосылымы арқылы жалғау үшін Soundbar
құрылғысын алдымен сымсыз маршрутизаторға жалғаңыз. Wi-Fi қосылымын орнату әдісі
туралы мәліметтерді 30-беттен қараңыз.
1. Soundbar құрылғысының Wi-Fi қосылымы туралы қосымша ақпаратты 30-беттегі “2-әдіс.
Wi-Fi (сымсыз желі) арқылы қосылу” бөлімінен қараңыз.
2. Аудио мәзірін пайдалану арқылы теледидардың кіріс көзін Soundbar құрылғысына
өзгертіңіз.
•• 2017 жылы немесе одан кейін шығарылған Samsung теледидарлары
Басты (
) → Мәзір → Баптаулар (
) → Барлық баптаулар (
) → Дыбыс Дыбыс
шығысы S-Series Soundbar (Wi-Fi)
ЕСКЕРТПЕ
•• Сақтық шаралары: Wi-Fi желісін қосқан/өшірген кезде, Soundbar құрылғысы автоматты
түрде қайта іске қосылады.
–– Wi-Fi портын өшіру әдісі : Wi-Fi желісін қосу/өшіру үшін Soundbar құрылғысының
қашықтан басқару пультіндегі CH LEVEL түймесін 30 секунд басып тұрыңыз.
KAZ - 21