Инструкция Scarlett SC-GS130S19

СУ ҚҰЮ (стр. 10 из 20)

Бренд: Scarlett

Страница 10 документа Scarlett SC-GS130S19. Раздел: Отпариватели. Бренд: Scarlett.

Текст страницы

IM020
СУ ҚҰЮ
• Су құятын сауыттың дөңес жерінен тарту арқылы алып шығыңыз.
• Сауытты төңкеріңіз де, қақпағын бұрап алыңыз.
• Сауыттағы ең үлкен көлем белгісінен асырмай су құйыңыз.
• Сауыттың қақпағын бұрап жабыңыз.
• Сауытты орнына салыңыз.
• Егер сауыттағы су таусылса, әуелі булағышты өшіріңіз, содан кейін оны электр желісінен ажыратыңыз да,
тек содан кейін ғана су құйыңыз.
• Аспапты құрастырылған күйінде тегіс орнықты беткі қабатқа қойыңыз. Аспап жұмысқа дайын.
ЖҰМЫСЫ
• Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
• Киім ілгішке бумен тегістегіңіз келген киімді іліңіз.
• Бумен тегістеуді ыңғайлы ету үшін аспапта заттарды ұстап тұруға арналған тақта көзделген. Бумен
тегістеу кезінде ол бумен тегістеліп жатқан заттың ар жағында болуға тиіс.
• Тақтаны өзіңізге ыңғайлы қалыпта орнатуға болады: жоғарыға: тақтада орналасқан арнайы бекіткіштермен
ілгішке іліндіру арқылы; немесе арнайы бекіткіштердің көмегімен тіреулерге тігінен іліндіру арқылы.
• Реттегіш тетіктің көмегімен булау қарқынының керекті деңгейін таңдаңыз.
• Шөткені қондырмаға орнатыңыз.
• Аспап булауға дайын.
БУМЕН ТЕГІСТЕУ
• Матаның бойымен керекті нәтижеге жеткенше баяу қимылмен жоғары-төмен жүргізіңіз.
• Жұмыс кезінде иілгіш түтіктің ширатылып қалмауын қадағалаңыз.
• Булаған кезде қондырманы киімге ақырын ғана тигізіп отырыңыз.
• Буға айналған су булағыш аспапқа кері ағуы үшін қондырманы әрдайым тік күйінде ұстаңыз. Егер көлбеу
жатқан киімді булап тегістесеңіз, буға айналған су кері ағуы үшін иілгіш түтікті жиірек көтеріп отырыңыз.
• ЕСКЕРТУ: Қондырманың саңылауларынан шығатын ыстық бу денеңізге тиіп кетпес үшін булап тегістеу
кезінде қондырманы денеңізден алыс ұстаңыз.
• Шалбарды бумен тегістеу ыңғайлы болуы үшін киім ілгіштегі кірқысқыштарды пайдаланыңыз.
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ
• Бумен тегістеуді аяқтағаннан кейін реттегіш тетікті OFF қалпына қойыңыз.
• Аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Аспап суығанша 30 минут күтіңіз.
• Қондырманы оған арналған ұстатқышқа орнатыңыз да, аспаптың суығанын күтіңіз.
• Сауыттан суды төгіп тастаңыз.
• Бунақты тіреудің биіктігін азайтыңыз да, аспапты сақтау үшін ыңғайлы жерге апарып қойыңыз.
ҚАҚТАН ТАЗАЛАУ
• Уақыт өткен сайын буландырғыштың басты тораптары мен бөліктеріне қақ тұра бастайды. Ай сайын
буландырғышты қақтан тазарту жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
• Мына пропорцияда ерітінді дайындыңыз: 50% cірке суы және 50% су. Осындай ерітіндінің екі кесесі
жеткілікті.
• Сауытқа ерітіндіні жәймен құйыңыз.
• Ерітіндімен жұмыс циклын жүргізіңіз. Содан кейін, сауытты ағын сумен жуыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
• Тазартылған немесе минералсызданған суды пайдалану тазалаудың жиілігін азайтуға мүмкіндік береді.
Бірақ жай суды да пайдалануыңызға болады.
• Құрылғыны сөндіріп, электр желісінен ажыратыңыз.
• Құбыршек пен телескопиялық тіреуішті ажыратып, бөлек алып қойыңыз.
• Сауыттан суды төгіп тастаңыз, оны таза сумен шайып, кептіріп қойыңыз.
• Негізді жуыңыз.
САҚТАУ
• Cақтау алдында, құралды желіден ажыратылғанына және толық суық екеніне көз жеткізіңіз.
• ТАЗАЛАУ және КҮТУ бөлімінің талаптарын орындаңыз.
• Құралды құрғақ салқын орында сақтаңыз.

Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік және
электрондық бұйымдар мен батарейкалар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек
дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
• Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына
хабарласыңыз.
• Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс шығармау
салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.

www.scarlett.ru
SC-GS130S19
10

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Отпариватели

Aresa 2304

13 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Отпариватели

Aresa 2304

13 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Отпариватели

BQ SG1008H

16 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Отпариватели

BRAYER 4123BR

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Отпариватели

BRAYER 4123BR

44 стр.