Текст страницы
Бұл функцияны іске қосу үшін қолданбада сағат экранында
(Bluetooth параметрлері) опциясын таңдаңыз.
Контактілерді синхрондау алгоритмі смартфон үлгісіне және
операциялық жүйе нұсқасына байланысты әр түрлі болуы мүм-
кін. Қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескерту: синхрондауға болатын контактілердің ең көп саны — 70.
• Bluetooth қоңырауын кез келген уақытта жылдам параме-
трлер мәзіріндегі
батырмасын басу арқылы қосуға неме-
се өшіруге болады.
• Кіріс қоңырауы болған кезде рингтонды ойнатуды қосу үшін
параметрлер мәзірінде
(«Дыбыс параметрлері») тар-
мағын таңдаңыз. «Қоңырау үні» опциясының жанындағы
қосқышты «Қосу» күйіне ауыстырыңыз.
Жедел жәрдем нөмірі
GLORY FIT қолданбасының мәзірінде
SOS («Төтенше SOS қоңы-
рауы») тармағын таңдаңыз. Байланыс кітабынан қажетті
нөмірді қосу үшін «+» батырмасын басыңыз.
Таңдалған нөмірге жедел қоңырау шалу үшін негізгі экрандағы
Спорт батырмасын басып тұрыңыз. Сондай-ақ сағаттың негіз-
гі мәзіріндегі «SOS» опциясы арқылы қоңырау шалуға болады.
Сағат басқару
Құрылғыны басқару үшін негізгі экранда келесі қимылдарды
пайдаланыңыз:
• Тақырыпты өзгерту үшін дисплейді 2 секунд басып
тұрыңыз. Әртүрлі тақырыптар арасында ауысыңыз және
оны қолдану үшін өзіңізге ұнайтын біреуін басыңыз.
• Виджеттерді (қадам мен калория есептегіші, ұйқы сапа-
сы, жүрек соғу жиілігі, т.б.) көру үшін солға сырғытыңыз.
Көрсетілген виджеттерді параметрлерде өзгертуге болады.
• Барлық қолжетімді мүмкіндіктердің мәзіріне кіру үшін оңға
сырғытыңыз.
9