Текст страницы
Қауіпсіздік техникасы
ЕСКЕРТУ
Аспапты пайдаланған кезде өрт, электр тоғының соғуы немесе
жарақат алу қаупін азайту үшін, төмендегілерді қоса алғанда, негізгі
сақтық шараларын сақтаңыз:
• Қуат көзінің баусымы зақымдалған жағдайда қауіпті болдырмау үшін оны
өндіруші, қызмет көрсетуші агент немесе білікті мамандар ауыстырады.
•
Кір
жуғыш
машинамен
бірге
берілетін
жаңа
құбыршек
жиынтықтарын
пайдалану
қажет,
ал
құбыршектің
ескі
жиынтықтарын
қайта
пайдалануға
болмайды.
• Бұл аспап дене мүшесінің, сенсорлық немесе ақыл-ойының қабілеттері шектеулі
не болмаса тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда), егер олар бақылауда болмаса немесе өздерінің қауіпсіздігіне жауапты
тұлға аспапты пайдалануға қатысты егжей-тегжейлі түсіндірмесе, пайдалануына
арналмаған. Балалар аспаппен ойнамауы үшін, олар бақылауда болуға тиіс. (Бұл
ескерту ЕУРОПА нарығына арналмаған)
• Бұл аспапты 8 жастан асқан балалар жəне дене мүшесінің, сенсорлық немесе
психикалық кемістігі бар, тəжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар, егер оларды
аспапты тиісінше пайдалануға үйреткен болса немесе оны бақылауда жүріп,
сондай-ақ ықтимал қауіптерді түсініп пайдаланса, пайдалануына болады.
Балалардың аспап жанында ойнауына болмайды. Балалардың аспапты
бақылаусыз пайдалануына тыйым салынады. (Бұл ескерту ЕУРОПА нарығына
арналған)
• Машина табанының астында кілем жоқтығына жəне кілемнің машина
булықтарының алдын бөгемейтініне көз жеткізіңіз.
• 3 жасқа толмаған балалар үнемі бақылауда болмаса, оларды аулағырақ
ұстаған жөн.
• Бұл бұйым үй жағдайында жəне ұқсас аумақтарда пайдалануға арналған,
мысалы:
- дүкендегі, кеңседегі жəне басқа да өндірістік үй-жайдағы қызметкерлерге
арналған асүй аймағы;
- ауыл үйлері;
- мейманхана, мотель жəне басқа да тұрғын үй-жайдың клиенттері үшін;
- «төсек жəне таңғы ас» типіндегі мекемелер;
- көппəтерлі үйлердегі немесе өзіне-өзі қызмет көрсететін кір жуатын орындардағы
ортақ пайдаланылатын үй-жайлар.
• Желідегі кернеу мен жиілік кір жуғыш машинаныкіндей екеніне көз жеткізіңіз.
• Қауіпсіздік мақсатында қуат көзі баусымының ашасы жерге қосылған резеткіге
қондырылуға тиіс. Резеткіңіздің жарамдылығын жəне жерге жақсылап қосылғанын
мұқият тексеріп, көз жеткізіңіз.