Текст страницы
Маңызды кеңестер
• Тұрмыстық кір жуғыш машина кіріктіруге арналмаған.
• Бұл кір жуғыш машина тек үй-жайда ғана пайдалануға арналған.
• Киім қалталарының бəрі бос екеніне көз жеткізіңіз. Тиын, тана-седеп, шеге,
бұраншеге, тас жəне т.б. сияқты өткір жəне қатты нəрселер кір жуғыш
машинаның қатты зақымдалуына əкеп соқтыруы мүмкін.
• Киімді жуып болысымен бірден су мен электрді өшіруді ұмытпауыңызды
өтінеміз.
• Кір жуғыш машинаны моншада немесе өте ылғалды үй-жайларда, сондай-ақ
жарылу қаупі бар немесе күйдіргіш газдары бар үй-жайларда орнатуға
болмайды.
• Алғашқы кір жуардың алдында кір жуғыш машина ішіне киім салынбай барлық
процедураның бір циклі бойы жұмыс істеуге тиіс.
• Пайдаланушыға арналған жөндеу жөніндегі нұсқаулықта арнайы кеңес
берілмейінше жəне оны істерлік біліміңіз бен машығыңыз болмаса, кір жуғыш
машинаның қандай да бір бөлігін жөндемеңіз жəне ауыстырмаңыз.
• Болат сымтемірден жасалған кіріктірмесі бар емшекқап пен кілемдерді жууға
тыйым салынады.
• Кір жуылып жатқанда суды ешқашан қолмен құймаңыз.
• Бағдарлама аяқталғаннан кейін есікті ашпай тұрып екі минут күтіңіз.
• Машинаны пайдаланардан бұрын алдымен жиналған суды машинадан ағызу
қажет. Машинамен абайлап жұмыс істеңіз. Көтерген уақытта машинаның
шығыңқы бөліктерінен ешқашан ұстамаңыз. Тасымалдау кезінде машинаның
есігін тұтқа ретінде пайдалануға болмайды.
• Суық су құбырына тек бір кері қысымтығыны бар кір жуғыш машинаны ғана
қосуға болады. Қосарлы кіріс клапандары бар кір жуғыш машинаны ыстық жəне
суық суға қосуға болады.