Текст страницы
kk_main.book.book Page 46 Friday, November 5, 2021 8:52 AM
46
АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Белгілер
Ықтимал себебі мен шешімі
Дақтар
Ағартқыштың немесе жұмсартқыштың тым ерте салынуы.
• Мөлшерлеуіш тартпа толып кеткен. Ол ағартқыштың немесе
жұмсартқыштың тез қосылуына алып келеді. Толып кетуді болдырмау
үшін ағартқышты немесе жұмсартқышты міндетті түрде өлшеңіз.
• Жуғыш құралдың мөлшерлеуішін баяу жабыңыз.
Ағартқыш немесе жұмсартқыш барабандағы жуылатын киімге
тікелей салынған.
• Бағдарламада ағартқыш немесе жұмсартқыш уақытылы беріліп тұруы
үшін жуғыш құрал диспенсерін пайдаланыңыз.
Киімдер дұрыс сұрыпталмаған.
• Түссізденуді болдырмау үшін міндетті тұрде қара түсті киімдерді ақ пен
ашық түсті киімдерден бөлек жуыңыз.
• Қатты ластанған бұйымдарды жеңіл ластанған бұымдармен жууға
болмайды.
Қыртыстану
Киімдер машинадан тиісті түрде шығарлмаған.
• Бағдарлама аяқталған соң, заттарды құрылғыдан міндетті түрде алып
тастаңыз.
Құрылғы шамадан артық жүктелген.
• Құрылғыны толық жүктеуге болады, бірақ барабан бұйымдармен
қатты толтырылмауы керек. Құрылғы есігі оңай жабылуы керек.
Ыстық және суық су көзінің шлангілері теріс орнатылған.
• Ыстық сумен шайсаңыз, киімдерге қыртыс түсуі мүмкін. Су көзі
шлангілерінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
Айналу жылдамдығы тым жоғары болуы мүмкін.
• Киім түріне сәйкес айналу жылдамдығын орнатыңыз.