Текст страницы
kk_main.book.book Page 44 Friday, November 5, 2021 8:52 AM
44
АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Белгілер
Ықтимал себебі мен шешімі
Құрылғы іске
қосылмайды.
Басқару панелі әрекетсіздікке байланысты өшірілген.
• Бұл қалыпты жағдай. Құрылғыны іске қосу үшін Қуат түймесін
басыңыз.
Құрылғы розеткадан ажыратылған.
• Қуат сымы жұмыс істейтін розеткаға мықтап тығылғанын тексеріңіз.
Су беру көзі өшірілген.
• Су жеткізу шүмегін толық қосыңыз.
Басқару құралдары дұрыс орнатылмаған.
• Бағдарламаның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Есікті жабыңыз және
Бастау/Кідірту түймесін басыңыз.
Есік ашық.
• Есікті жауып, есіктің астында оның толық жабылуына кедергі болатын
заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Автоматты тоқтатқыш өшірілген/сақтандырғыш күйіп кеткен.
• Үйдегі автоматты ажыратқышты/сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыштарды ауыстырыңыз немесе ажыратқышты қайта
орнатыңыз. Құрылғы қуат қалпына келтірілгеннен кейін тоқтаған
циклды жалғастырады.
Басқару құралын қайта орнату қажет.
• Қуат түймесін басыңыз, сонан соң қажетті бағдарламаны қайта
таңдаңыз және Бастау/Кідірту түймесін басыңыз.
Бағдарлама орнатылған соң, Бастау/Кідірту түймесі басылған жоқ.
• Қуат түймесін басыңыз, содан соң қажетті бағдарламаны қайта
таңдаңыз және Бастау/Кідірту түймесін басыңыз. Бастау/Кідірту
түймесі белгілі бір уақыт ішінде басылмаса, құрылғы өшіп қалады.
Өте төмен су қысымы.
• Тұрмыстық су қысымы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін үйдегі басқа
кранды тексеріңіз.
Құрылғы суды қыздырады немесе буландырады.
• Температураны орнату үшін су қауіпсіз қызғанша, барабан арнайы
циклдар барысында жұмыс істеуін уақтыша тоқтатуы мүмкін.
Блoкиpoвкa oт дeтeй (Бала құлпы) опциясы іске қосылды.
• Қажет болса, Блoкиpoвкa oт дeтeй (Бала құлпы) опциясын өшіріңіз.
Түймелер дұрыс
жұмыс істемеуі
мүмкін.
Есік ашылмайды.
Құрылғы іске қосылған соң есік қауіпсіздік себептеріне
байланысты ашылмайды.
• Бұл – қалыпты жағдай. H өшкен соң, есікті аша беруіңізге болады.