Текст страницы
J
Клиенттерге қолдау көрсету қызметі
Біз Candy қолдау қызметіне хабарласуды, сондай-ақ түпнұсқа қосалқы бөлшектерді
пайдалануды ұсынамыз. Егер сіздің тұрмыстық техникаңызда мәселелер туындаса,
алдымен «Ақаулықтарды жою» бөлімін оқып шығыңыз.
Егер сіз мәселеңіздің шешімін таба алмасаңыз, мынаған жүгініңіз:
— өзіңіздің ресми дилеріңізге немесе
— біздің колл-орталыққа:
8-800-070-03-29
— https://haieronline.kz сайтына, онда сіз қызметке сұрау сала аласыз, сондай-ақ жиі
қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
Біздің сервистік орталыққа хабарласып, паспорт тақтайшасында және чекте таба
алатын келесі ақпаратты дайындаңыз:
Моделі _ _________________________________
Сериялық нөмірі ________________________
Сату күні_________________________________
Сондай-ақ, кепілдік пен сату құжаттарын тексеріңіз.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауы Өндіруші үшін аспапты
сәйкестендіруді және нәтижесінде кепілдікті қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді.
Аспаптан зауыттық сәйкестендіру тақтайшаларын алып тастауға тыйым салынады.
Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдік міндеттемелерді орындаудан бас
тартуға әкелуі мүмкін.
Осы құжатқа алдын ала ескертусіз өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өндіруші қосымша
ескертусіз бұйымның құрылымы мен жиынтықтамасына өзгерістер енгізу құқығын
өзіне қалдырады.
Тасымалдау және сақтау
Өнімде көрсетілген өңдеу белгілеріне сәйкес түпнұсқа қаптамасында
тасымалдануы және сақталуы керек.
Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақ болыңыз.
Көлік пен сақтайтын орын өнімді жауын-шашыннан және механикалық
зақымданудан қорғауды қамтамасыз етуі керек.