Текст страницы
2 2. ОРНАТУ
ОРНАТУ
Орнату
ЕСКЕРТУ:
Назар аударыңыз: орнатуға қатысты барлық суреттер осы нұсқаулықтың басында берілген.
Дайындау
1
• Алдымен барлық қаптама материалдарын, оның ішінде полистирол негізін шешіңіз.
Қаптаманы шешу кезінде су тамшылары болуы мүмкін. Бұл зауытта сумен сынау
нәтижесінен пайда болатын қалыпты құбылыс.
ЕСКЕРТУ:
Қаптамасын қоршаған орта үшін қауіпсіз тәсілмен кәдеге жаратыңыз. Жұмыс істейтін
қалдықтарды қабылдау пункттері туралы ақпаратты сатушыдан немесе жергілікті билік
органдарынан алуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тасымалдаудан және орнатудан кейін кептіру машинасы пайдаланар
алдында екі сағат жай тұру керек.
Тасымалдау және күту режимі
2
Аспапты тек көлденең қалыпта ғана тасымалдау керек. Техникалық қызмет көрсетуді қажет
етпейтін майлағыш майы компрессор капсуласында орналасқан. Көлбеу күйінде тасымалдау
кезінде бұл май жабық құбыр жүйесі арқылы енуі мүмкін. Аспапты электрлік желіге қосар алдында
май капсулаға кері ағуы үшін 2 сағат күту қажет.
Кептіру машинасын орнату
3
Машинаны тегіс және қатты бетке орналастыру керек. Аяқтарын қажетті деңгейге дейін
реттеңіз.
Электрлік қосылу
4
Әрбір қосар алдында келесілерге көз жеткізу керек:
• Қуат беру көзі, розетка және сақтандырғыш паспорттық тақтайшаға сәйкес келеді.
• Розетка жерге тұйықталған және қосылу үшін мультиштекер немесе ұзартқыш
қолданылмайды.
• Аша мен розетка бір-біріне қатаң сәйкес келеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қуат беру сымы зақымдалған жағдайда, қауіпті болдырмау үшін оны дайындаушы,
сервистік қызмет немесе осыған ұқсас білікті персонал ауыстыруы тиіс.
KZ
7