Текст страницы
Кептіру машинасын теңестіру
5
2
МАҢЫЗДЫ. Машинаны төрт аяғы бірдей болатындай етіп тегістеу керек. Кептіру машинасы
қай жағына болмасын шайқалмайтынына көз жеткізіңіз.
ОРНАТУ
Кептіру машинасын бүйір жақтары бойынша тегістеу:
• Деңгейді кептіру машинасының артқы бөлігінің ортасына орналастырыңыз.
• Артқы аяқтарын машинаның екі бүйір жағы бір-біріне қатысты тең болатындай етіп
реттеңіз.
• Аяқтарын ұстағыштан ешқашан толықтай бұрап алмаңыз.
Кептіру машинасын алдыңғы және артқы жағы бойынша тегістеу:
• Деңгейді сол жағына орнатыңыз.
• Алдыңғы сол жақ аяғын (біртіндеп) реттеңіз.
• Жоғарыдағы әрекетті оң жақ аяғы үшін қайталаңыз.
Кептіру машинасының тегіс тұрғанын екі рет тексеріңіз:
• Деңгейді кептіру машинасының алдыңғы бөлігінің ортасына орналастырыңыз.
• Кептіру машинасы қай жағына болмасын шайқалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Егер кептіру машинасы жетклікті тегістелмеген болса, жоғарыда сипатталған әрекеттерді
қайталаңыз.
Тегістеуден кейін кептіру машинасы орнатылған шкафтың бұрыштары еденге тиіп кетпеуі
керек, ал кептіру машинасының өзі кез келген бағытта шайқалмауы керек.
Конденсатты сыртынан ағызу
6
Кірді кептіру процесінде конденсат автоматты түрде машинаның жоғарғы сол жақ
бұрышында орналасқан су ыдысында жиналады. Әрбір кептіру циклынан кейін су ыдысы
толтырылады немесе оны босату керек.
Егер кептіру машинасы едендегі су төгетін саңылауға жақын жерде орналасқан болса,
конденсатты жеткізілім жиынтығына кіретін су төгу құбыршегі арқылы тікелей кәрізге төгуге
болады, бұл жағдайда су ыдысынан суды әр уақытта төгудің қажеті жоқ.
Ағызу құбыршегін қосу келесі түрде жүзеге асырылады:
• Қара түсті құбыршекті кептіру машинасының артқы жағындағы келтеқосқыштан
ажыратыңыз (артқы панельдің төменгі оң жағы, 2-2 сур.).
• Сұр түсті ағызу құбыршегін жазып (кептіру машинасын жеткізу жиынтығына кіреді),
машинаның ағызу саңылауына қосыңыз (2-3, 2-4 сур.).
• Ағызу құбыршегінің басқа ұшын ванна немесе ағызу құбырына орналастырыңыз.
KZ
8