Текст страницы
КЕПТІРУШІ машина
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Қауіпсіздік нұсқауларының талаптарын орындаңыз. Техниканың бүлінуіне жол
бермеу, зиян және нұқсан келтірмей қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін
қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ауыр жарақаттарға жол бермеу үшін қауіпсіздік
шараларының талаптарын орындаңыз. Аталған шаралар сақталмаған
жағдайда техника бүлінуі және адам жарақат алуы мүмкін.
Кір кептіру машинасын мақсатсыз пайдалану, орнату, пайдалану, тазалау ере-
желерін және қауіпсіздік шараларын бұзу, сондай-ақ температура шарттарын
сақтамау сізді кепілдікпен қызмет алу құқығынан айырады. Қажет болған жағдайда,
электр монтаж жұмыстарын білікті маман орындауы керек.
• Кірді барабанда кептіру үшін машинаны осы нұсқаулықта көрсетілген тәртіппен
пайдалану қажет.
• Жөндеу және техникалық қызмет көрсету операциялары қауіпсіздік техникасы-
мен байланысты және оларды білікті маман орындауы тиіс.
• Бүлінген желі кабелін жөндеуді тек білікті электрик қана орындауы тиіс.
• Лас киімдерді барабанды кір кептіру машинасында кептіруге жол берілмейді.
• Тамақ пісіретін май, ацетон, мотор майы немесе бензин, керосин, дақ кетіргіш,
скипидар, балауыз және балауыз еріткіш сияқты заттардың қалдықтары бар
бұйымдарды кір кептіру машинасының барабанына салмас бұрын көп мөлшерде
жуғыш зат қосылған ыстық сумен жуып алу қажет.
• Кір кептіру машинасында көбікті резеңке, латекс, пластик, су өткізбейтін тоқыма
бұйымдары, резеңкеленген бұйымдар, сондай-ақ көбік резеңке толтырғышы
бар киім мен жастықтар сияқты бұйымдарды кептіруге жол берілмейді.
• Маталарды немесе ұқсас нәрселерді жұмсартуға арналған құралдарды қолданған
кезде осындай жуғыш заттардың өндірушісінің ұсынымдарын сақтау керек.
• Машинаны үй жағдайында химиялық жолмен тазартылған киімдерді неме-
се жанғыш сұйықтықтардың іздері қалып қойған маталарды кептіру үшін
пайдалануға болмайды.
• Машинаны өнеркәсіптік химиялық жолмен тазаланған киімдерді кептіру үшін
пайдалануға болмайды.
• Аспапты орнатқаннан кейін кір кептіру машинасының есігінің толық ашылуына
кедергі келтірілмеуі тиіс.
• Жұмыс кезінде немесе техникалық қызмет көрсету кезінде машинаның аудары-
луына жол бермеңіз.
• Кірді машинаға салмас бұрын, қалтасынан барлық ұсақ заттарды (оттықтар
және т.б.) алыңыз.
• Бұл аспап физикалық және ойлау мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның
ішінде 8 жасқа дейінгі балалардың), сондай-ақ өздерінің қауіпсіздігі үшін жа-
уапты адамның қадағалауынсыз аспапты пайдалану жөніндегі білімі мен
тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына арналмаған. Балаларға аспап
элементтерімен ойнауға болмайды. Аспапты күтіп ұстау мен тазалауды балалар
ересектердің қарауынсыз жүзеге асыра алмайды.
• Машинаны балалар тек ересектердің бақылауымен пайдалана алады. Егер ма-
32
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ