Текст страницы
КЕПТІРУШІ машина
шина пайдаланылмай тұрса, балалардың оның ішіне кірмеуін және есікті ішінен
жауып алып, қамалып қалмауын қадағалаңыз.
ЭЛЕКТР ТОГЫНА СОҒЫЛУ ҚАУПІ
• Розеткадан ашаны дымқыл қолмен суырмаңыз /қыстырмаңыз.
• Қоректендіргіш бау ашасын таза ұстаңыз, шаңын дымқыл шүберекпен
тазаламаңыз.
• Егер бүлінген немесе бөлшектері жоғалған болса, кір кептіру машинасын
пайдаланбаңыз.
• Кір кептіру машинасын күшейтетін трансформатор арқылы қоспаңыз.
• Техниканы өзіңіз жөндемеуіңізді сұраймыз, сервис орталығына хабарласыңыз.
• Кір кептіру машинасының электр сымдары мен электр бауларын ауыстыруды
тек сервис орталықтарының мамандары жүргізеді.
• Электрмен қоректендіру бауынан тартпаңыз және күш салып жұлқымаңыз.
• Егер электрмен қоректендіру бауы бүлінген болса және сым қосылымдары
сенімсіз болса, кір кептіру машинасын пайдаланбаңыз.
• Кернеуі 220 В және ток күші кемінде 10 А болатын қоректендіру желісін
пайдаланыңыз, ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз. • Розетка сенімді түрде
жерге қосылуы тиіс.
ЖАНУ МЕН ЖАРЫЛУ ҚАУІПТІЛІГІ
• Кір кептіру машинасын кілемнің үстіне орнатпаңыз, орнату орны тегіс және
бетінде қатты жабын болуы керек.
• Кір кептіру машинасын қоршаған ортаның 0C-тан төмен температурасында,
сыртта және ылғалдылығы жоғары бөлмелерде пайдаланбаңыз.
• Машинаны жылу көздерінің жанына қоймаңыз, басқа электр аспаптарымен
және қызатын заттармен, ашық от көздерімен (шамдар, темекі және т.б.) бай-
ланыста болуына жол бермеңіз. • Егер сіз күйген сымның иісін сезсеңіз немесе
машина жұмыс істеп тұрған кезде ерекше шу естісеңіз, оны пайдалануды дереу
тоқтатып, сервис орталығына хабарласыңыз.і.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жоғарыда аталған ережелерді бұзу өртке әкелуі
мүмкін.
• Кептіру процесінде машинаның бетіне су шашпаңыз немесе ағызбаңыз.
• Кептіргеннен кейін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және тазалау кезінде
машинаны қоректендіру көзінен ажыратыңыз.
• Егер ішіне су кіріп кеткен болса, машинаны пайдалануға тыйым салынады.
• Дымқыл киімді басқару панеліне тигізбеңіз.
• Киімді тез тұтанатын еріткіштерді, бензин және басқа заттарды пайдаланып,
кептіруге болмайды.
• Кептіру кезінде матадағы мұнай дақтары өртке әкелуі мүмкін.
• Тез тұтанғыш, жарылғыш және ұшпа заттарды машинаға салмаңыз.
• Газ шығып жатқанда машинаны пайдаланбаңыз.
• Машинаны метан немесе басқа жарылғыш газдар ортасында пайдаланбаңыз.
33
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ