Текст страницы
КЕПТІРУШІ машина
ОРНАТУ ЖӘНЕ ҚОСУ
ОРНАТУ
•
Машинаны газ плиталарынан/ жұмыс беттерінен, каминдерден, жылытқыштардан
қашықтықта орналастырыңыз, себебі жалын жабдықты зақымдауы мүмкін.
•
Машинаны сырттағы ауада немесе ылғал жиналатын жерлерде орнатпаңыз.
•
Машинаның артқы жағын перденің немесе соған ұқсас заттардың жанына
орнатпаңыз.
•
Машинаны үстелдің астына орнатқан кезде келесідей қашықтық қалдыру керек:
жабдықтың үстіңгі жағы мен машинаның үстіндегі кез келген басқа заттар ара-
сында 10 мм; жабдықтың қапталдары мен жиһаз/қабырғалар арасында 15 мм. Бұл
ауаның тиісті түрде айналып тұруын қамтамасыз етеді. Жабдықтың артқы желдету
саңылаулары бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
•
Кептіру машинасы орнатылатын бөлмеде ылғалдылық қалыпты күйде болуы және
бүкіл көлемі бойына ауа еркін айналып тұруы тиіс. • Сіздің кептіру машинаңыз +5°C-
тан +35°C-қа дейінгі температурада жұмыс істей алады.
Кір кептіру машиналары кептіру кезінде жинақталатын суды жинауға арналған
резервуармен жабдықталған. Әрбір кептіру циклынан кейін жинақталған суды төгу
керек. Сондай-ақ жинақталған суды осы аспаппен бірге жеткізілетін су ағызатын
түтік арқылы ағызуға болады.
ЖАЛҒАУ
x
Max.78cm
СУ АҒЫЗАТЫН ШЛАНГ
Су ағызатын шлангты жалғау үшін:
1. Кір кептіру машинасының артқы жағында орналасқан шлан-
гыны бекітілген орнынан ажырату үшін тартыңыз. Мұны
құрал-саймандарды пайдаланбай қолмен жасау керек.
2. Су ағызатын түтіктің екінші ұшын тікелей ағынды суларға
жүйесіне немесе қол жуғышқа қосыңыз. Шлангыны жалғау
нұсқаулыққа сәйкес орындалуы керек.
3. Суды ағызуға арналған шланг 78 см-ден аспайтын биіктікте бекітілуі тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер су ағызатын түтік дұрыс бекітілмеген бол-
са, су ағып кетуі, соның салдарынан бөлмені су басуы мүмкін.
КІР КЕПТІРУ МАШИНАСЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН РЕТТЕУ
Реттелетін аяқтарды ешқашан кір кептіру машинасынан ағытып алмаңыз. Кір
кептіру машинасының шуылсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін оның аяқтарын
теңестіру қажет. Аяқтарын реттеу арқылы машинаны теңестіріңіз.
Кір кептіру машинасы тегіс және берік орныққанға дейін аяқтарын солға немесе
оңға бұраңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Әрқашан киім заттаңбасында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз. Заттаңбада
кір кептіру машинасында кептіруге жарамды деп көрсетілген кірді ғана құрғатыңыз.
35
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ