Инструкция утюг ARESA AR-3127

Страница 12 (стр. 12 из 14)

Бренд: ARESA

Страница 12 документа Утюг ARESA AR-3127. Раздел: Утюги. Бренд: ARESA.

Текст страницы

ҚАЗАҚ

Үтікке су құймас бұрын оны желіден сөндіріңіз. Жылу тұрақтандырғышты ең төмен белгіге орнатыңыз. Суға арналған бөлікті ашыңыз. Бұл кезде
үтікті тік күйінде ұстаңыз. Суды құюға арналған өлшеуіш стақанды пайдаланып, суды ең жоғарғы деңгейге дейін құйыңыз. Резервуарды ең жо-
ғарғы белгіден асырып толтырмаңыз. Бөлікті шыртылға дейін жабыңыз.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ. Үтікті тік қалпында орнатыңыз. Жылу тұрақтандырғышты оны тиісті қалпына бұрып, қажетті температураға орна-
ластырыңыз. Киімдегі биркаларды үтіктемес бұрын тексеріңіз.
● - синтетика (жібек, акрил, вискоза, полиэстер жəне т.б.) ●● - жүн ●●● - мақта, зығыр.
Егер де сіз мата түрін білмесеңіз, киген кезде көрінбейтін, киім шетін үтіктеуге тырысыңыз. Жібек, жүн жəне синтетикалық бұйымдарды жылтыр
дақтардың алдын алу үшін теріс жағынан үтіктеу ұсынылады. Дақтарға жол бермеу үшін бүріккіш функциясын қолданбаңыз. Айырын розеткаға
салыңыз. Индикатор үтіктеген кезде уақыт өткен сайын жанып, сөніп отырады.
БУДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ҮТІКТЕУ. Буды тек жоғары температурада пайдалануға болады. Егер де төмен температура орнатылса, табаны
арқылы судың ағып кету мүмкіндігі бар.
Осы жағдайға үтікте «тоқтату тамшысы» бар, бұл кезде үтік температура төмен болған кезде буды автоматты түрде сөндіреді.
Резервуарда судың жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз. Жылу тұрақтандырғыш пен будың берілуін реттегішті ұсынылатын позицияларға орнатыңыз.
Үтік белгіленген температураға қол жеткізген соң, булап жібіту басталады.
БУСЫЗ ҮТІКТЕУ. Будың берілуін реттегішті О позициясына орнатыңыз (бу жоқ).
БҮРІККІШТІ ПАЙДАЛАНУ. Кез келген температурада сіз киім-кешекті ылғалдандыру үшін бүріккішті пайдалана аласыз.
БУ СОҚҚЫСЫ. «Бу соққысы» функциясы тек ••• мен MAX арасында белгіленген температурасында қолданылуы мүмкін.
Ол үшін «Бу соққысы» батырмасын қатарынан үш мəртеден асырмай басыңыз.
«ТОҚТАТУ ТАМШЫСЫ» ФУНКЦИЯСЫ. Бұл функция буды оңай сөндіреді, үтік судың табанынан ағып кетуін болдырмау үшін төмен температу-
рада буды бөлуді автоматты түрде тоқтатады. Бұл болған жағдайда, сіз тəн дыбысты ести аласыз.
ТІК КҮЙІНДЕ БУЛАП ЖІБІТУ. «Бу соққысы» функциясын резервуардағы су MAX белгісіне дейін құйылған жағдайда, үтікті тік қалпында ұстап
тұрғанда пайдалана аласыз.
«ҚАҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ» ФУНКЦИЯСЫ. Қаққа қарсы тұрудың автоматты кіріктірілген жүйесі қақтың тұнбасын азайтады жəне үтігіңіздің өмірін
ұзартады.
АВТОМАТТЫ ӨШІРУ. Автоматты түрде өшіру функциясы үтікті 30 секундтан артық (көлденең күйде) немесе 8 минуттан артық (тік күйде) пай-
даланбаған жағдайда өшіреді. Үтікті қыздыруды жалғастыру үшін үтікті көтеріңіз немесе жылжытыңыз.

ТАСЫМАЛДАУ, ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ САҚТАУ

ТАСЫМАЛДАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне/немесе қаптамасының сақталуын қамтамасыз ететін, жүктерді бекіту жəне бұдан əрі
қауіпсіз пайдалану ережелерін пайдалана отыра, жабық көліктің кез келген түрімен тасымалдау қажет. Құралды тиеу-түсіру жұмыстары кезінде
соққылы жүктемелерге ұшыратуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
ТАЗАЛАУ. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал бөліктерін ешқашан ыдыс жуатын машинада жумаңыз. Химикаттар мен қажақ құралдарды пайдаланбаңыз.
Өзтазарту функциясын əрбір 2 апта сайын пайдаланған жөн. Су кермек болған сайын, осы функцияны жиі пайдаланып отыру қажет. Резевуарға ең
жоғарғы деңгейге дейін су толтырыңыз. Сіркесуды немесе қаққа қарсы басқа құралдарды пайдаланбаңыз. Температуралық бақылауды МАХ
белгісіне орнатыңыз. Айырын розеткаға салыңыз. Жарық индикаторы сөнген кезде үтікті розеткадан сөндіріңіз. Үтікті раковина үстінде көлденең
ұстаңыз. Өзтазарту батырмасын басып, үтікті алға-артқа қарай сəл қозғалтыңыз. Табандағы саңылаулар арқылы су мен бу шығатын болады.
Онымен бірге кір мен қақ ағып шығады. Резервуардағы су таусылған соң, батырманы босатыңыз. Егер де үтікті көп мөлшерде қақ қалса, таза-
лауды қайталаңыз. Үтікті көлденең қойыңыз. Үтікті қосып, қызғанша, күтіңіз. Үтікті сөндіріңіз. Кез келген ескі матаны бірнеше мəрте үтіктеп шы-
ғыңыз. Орнына қоймас бұрын үтік суығанша, күтіңіз. Үтікті тазаламас бұрын оны əрдайым розеткадан сөндіріп отырыңыз. Табанына шаң қонса,
оны сіркесу ерітіндісіне суланған матаның көмегімен алып тастауға болады. Құрал тұтқасы мен корпусын ылғалды матамен, кейін құрғақтай сү-
ртіңіз.
САҚТАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне бұдан əрі қауіпсіз қолданылуын сақтауды көздейтін жағдайларда, жабық үй-жайларда сақтау
қажет. Сақтауға жинамас бұрын құрал мен оның барлық аксессуарларының толықтай кептірілгеніне көз жеткізіңіз.

ҚҰРАЛДЫ КƏДЕГЕ ЖАРАТУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Құрал мен буып-түю материалдары қоршаған орта үшін ең аз зиянымен жəне өңіріңіздегі қалдықтарды кəдеге жарату жөніндегі қағидаларға
сəйкес кəдеге жаратылуы тиіс.

КЕПІЛДІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ

Бұйымды сатып алған уақытта тексерілуін жəне Сіздің қатысуыңызбен кепілдік талонының толтырылуын талап етіңіз (сататын ұйымның мөртабаны, са-
тылған күні жəне сатушының қолы). Кепілдік талонын ұсынбаған жағдайда немесе оны дұрыс толтырмаған уақытта, сапасы жөніндегі шағымдар қабылдан-
байды жəне кепілдік арқылы жөндеу жүргізілмейді. Кепілдік талонын кепілдік мерзімі ішінде сервис орталығына кез келген өтінішті жасаған кезде ұсыну қа-
жет. Бұйым сервистік қызмет көрсетуге тек толықтай жинақталған түрінде ғана қабылданады. Кепілдік мерзімі сатып алушыға сатқан сəттен бастап есепте-
леді. Сізден бұйымның сатып алынған күнін растайтын құжаттарды сақтауыңызды сұраймыз (тауар немесе касса чегі). Бұйымыңызға кепілдік арқылы тегін
қызмет көрсету шартына бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сəйкес жеке тұрмыстық қажеттілік шегінен шықпайтын, дұрыс пайдалану,
механикалық зақымдаулардың жəне бұйымды ұқыпсыз пайдалану салдарының жоқтығы жатады. Бұйым кепілдік арқылы қызмет көрсетуге таза түрінде
ұсынылады (мүмкін болатын жерлерінде қажалған жəне үрленген). Кепілдік кепілдік мерзімі ішінде анықталған барлық өндірістік жəне құрылымдық ақаула-
рға таралады («Кепілдік таратылмайды» бөлімінде көрсетілгендерден басқа). Бұл кезеңде шығыс материалдарынан басқа ақау бөлшектері кепілдікті сервис
орталығында тегін түрде ауыстыруға жатады.

КЕПІЛДІК ТАРАТЫЛМАЙДЫ
1.Форс-мажорлық жағдайлар туғызған ақаулар.
2.Бұйымды жеке тұрмыстық жағдайларының шегінен шығатын мақсаттарда бұйымның зақымдануы (яғни, өнеркəсіптік немесе коммерциялық мақсаттарда).
3.Шығыс материалдары мен аксессуарлар.
4. Шамадан тыс жүктелуі, дұрыс пайдаланбау, бұйым ішіне сұйықтықтардың, шаңның, жəндіктердің, бөгде заттардың кіруі туғызған ақаулар.
5.Өкілетті сервис орталықтарынан немесе кепілдікті шеберханалардан тыс жөндеуге ұшыраған бұйымдар.
6.Пайдаланушының бұйым құрылымына өзгерістерді енгізу немесе құрамдас бөліктерін біліксіз ауыстыру салдарынан болған зақымдаулар.
7.Қолдану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзу.
8.Жеткізу желісінің кернеуін дұрыс орнатпау (қажет болса).
9.Техникалық өзгерістер енгізу.
10.Ұқыпсыз пайдалану, бұйымды дұрыс тасымалдамау жəне сақтамау, бұйымның құлау салдарынан болған механикалық зақымдаулар.
11.Жануарлардың кінəсінен болған зақым (соның ішінде, кеміргіштер мен жəндіктер).

Өндіруші: Бестар Индастриал Кампани Лимитед
Жасалған күні туралы ақпаратты жеке қаптамасынан қараңыз
Кепілдік арқылы қызмет көрсету мəселелері бойынша жақын маңдағы сервис орталығына жүгініңіз.

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

BRAYER BR4005

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

Centek CT-2317

24 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

Centek CT-2317

24 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

Centek CT-2317

24 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Утюги

Centek CT-2317

24 стр.