Текст страницы
4
Жұмыс режимдері
ПАЙДАЛАНУ
Қыздырғыш элементтің қызып кетуіне жол бермеу үшін және су жылытқыштың қызмет
ету мерзімін ұзарту үшін резервуар толық толмағанша дейін, элект қуат көзін қоспаңыз.
Су жылытқыштың шығысындағы ыстық судың шүмегін ашыңыз, содан кейін су толтыру
үшін су жылытқышқа қосылған суық судың тиекті шұрасын ашыңыз. Ыстық су ағатын
құбырдан су ағып жатқанда, ыстық судың шүмегін жауып, электр қуат көзін қосыңыз.
Ақаулық табылған жағдайда:
Су жылытқышты электр желісінен ажыратыңыз. Суық судың берілуін өшіріңіз. Су
жылытқыштан судың ағып жатса, судың жеткізу жүйесін бөлшектемейтіндей етіп
мүмкіндік болса, одан суды ағызып жіберіңіз.
Су жылытқышты өзіңіз жөндеуге немесе бөлшектеуге тырыспаңыз.
Пайдалану әдісі
Су жылытқыштың төмпературалық
режимін реттеу үшін ЭСЖ-тың
төменгі бөлігінде орналасқан түтікті
пайдаланыңыз. Тұтқаны бұрап,
қажетті температураны орнатуға
болады, максималды қыздыру 75 °С
температураға сәйкес келеді.
Судың температурасын жоғарылату
үшін тұтқаны сағат тілімен бұраңыз.
Судың қолайлы температурасына
жеткенде, тұтқаны таңдалған мәнге
қойыңыз. Жанып тұрған суды жылыту
индикаторлық шамы судың қызып
жатқанын көрсетеді.
Температураны төмендету үшін тұтқаны
сағат тіліне қарсы бұраңыз. Суды
қыздырудың индикаторлық шамы суды
жылыту процесі аяқталғанын және су жылытқышы белгіленген температураны ұстап тұру
режиміне өткенін көрсетеді.
Су жылытқышты өшіру үшін электр қуаты толығымен сөнгенше дейін тұтқаны сағат тіліне
қарсы бұраңыз.
Жұмыс режимдері
Су температурасының индикаторы су жылытқыштағы судың нақты температурасын көрсетеді.
Судың температурасы белгіленген мәнге жеткенде, электр қуат көзі автоматты түрде өшеді.
Судың температурасы белгілі бір температураға дейін төмендегенде, электр қуат көзі
автоматты түрде қосылып, қыздыру жалғасады.
Сақтандырғыш клапанының күйін мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
Сақтандырғыш клапанның шығу саңылауынан ұзақ уақыт бойы судың үздіксіз ағуы ағынды
судың қысымы су жылытқыштың шекті рұқсат етілген қысымынан жоғары екенін көрсетеді. Бұл
туралы Сервистік компанияның мамандарына хабарлаңыз.
KZ
32