Текст страницы
5
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Берілген су жылытқышты жөндеу және қызмет көрсетуді тек білікті
мамандар ғана орындауы тиіс.
КҮТІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біліксіз араласу апатқа немесе мүлікке зиян келтіруі мүмкін.
Су жылытқыштың сыртқы бетін тазалау.
Су жылытқышты тазаламас бұрын электр қуат көзін өшіру керек.
Су жылытқыштың бетін бейтарап жуғыш заттарды қолдану арқылы дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
Бензин немесе басқа еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалау аяқталғаннан кейін су
жылытқыштың бетін құрғатып сүртіңіз.
Кірді кетіру үшін абразивті материал (мысалы: тіс пастасы), қышқыл шикізат, химиялық ерітінді
(мысалы: алкоголь) немесе политура бар тазартқышты пайдаланбаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
Су жылытқыштың жоғары тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін оған үнемі техникалық қызмет
көрсету қажет (екі жылда бір рет ұсынылады). Пайдаланылатын судың сапасына және су
жылытқышты пайдаланудың жүйелілігіне байланысты кемінде екі жылда бір рет магний
анодын ауыстыру қажет. Магний аноды суды қоспалардан тазартады және су жылытқыштың
қызмет ету мерзімін ұзартады. Техникалық қызмет көрсету үшін Авторизацияланған Сервистік
орталығына хабарласыңыз.
техникалық қызмет көрсету жүргізілгеннен кейін осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
«Техникалық қызмет көрсету Картасы» бөлімінде Авторизацияланған Сервистік орталығы
қызметкерінің тиісті жазбасы жасалуы тиіс.
KZ
34