Текст страницы
5
Тексеру
Су жылытқышты пайдалану барысында кемінде айына бір рет сақтандырғыш клапанын
тексеру қажет. Әдісі: су беретін құбырдың жағындағы сақтандырғыш клапанының кішкентай
тұтқасын басыңыз. (Қолыңызды зақымданудан абайлаңыз.)
Егер су ағып кетсе, онда сақтандырғыш клапаны жақсы жұмыс істейді. Егер су ақпаса,
Авторизацияланған сервистік орталығына хабарласу қажет.
Егер сақтандырғыш клапанын ауыстыру қажет болса, онда па- раметрлері мен өлшемдеріне
сәйкес келетін клапанды қолданыңыз.
Су жылытқышыңызға қызмет көрсету үшін сервистік орталығының мамандарын үнемі
шақырыңыз. Су жылытқыштың бетінен тотты уақтылы тазалаңыз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Егер су жылытқышы ұзақ уақыт пайдаланылмаса
Егер су жылытқышы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, келесі әрекеттерді орындау қажет:
Су жылытқыштың кіріс құбырындағы шүмекті жабыңыз.
1
2
Су бұрғыштың ұшын сақтандырғыш клапанының шығатын саңылауына бекітіңіз.
Сақтандырғыш клапанының тұтқасын басыңыз.
3
Су жылытқыштың ыстық су шүмегін мүмкіндігінше ашыңыз. (Ыстықсумен күйіп
қалмауға назар аударыңыз.) Сужылытқыштың багынан суды ағызыңыз.
Су жылытқыштың зақымдалуын болдырмау үшін екінші рет қолданған кезде, электр қуат көзін
қоспас бұрын, алдымен ыстық су шүмегін ашып, құбырлардан бар ауаны шығаруды ұсынамыз.
Ашық клапанның жанында темекі шегуге тыйым салынады, ашық жалынның болуына жол
берілмейді.
Сонымен қатар, су жылытқыштың бөліктері жақсы күйде екенін мұқият тексеру керек.
Су ыдысы толығымен сумен толтырылғанына және құбырлар қосылған жерлерде ағып кетудің
жоқтығына көз жеткізгеннен кейін, жылытқышты электр қуат көзіне қосуға болады.
Тасымалдау және сақтау
Өнімді онда көрсетілген манипуляциялық белгілерге сәйкес за- уыттық қаптамада тасымалдау
және сақтау қажет. Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақ болыңыз.
Көлік пен қойма өнімнің атмосфералық жауын-шашыннан және механикалық зақымдалудан
қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Өнім Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағының техникалық регламенттерінің талаптарына
сәйкес келеді:
Сәйкестік сертификаты № ЕАЭС RU С-CN.АЯ46.В.43497/25 08.10.2025 бастап 07.10.2030 дейін
жарамды;
Сәйкестік туралы декларация № ЕАЭС N RU Д-CN.РА08.В.99544/25 07.10.2025 бастап 06.10.2030
дейін әрекет етеді.
Толығырақ мәліметтер берілген сәйкестік сертификаттарының және Еуразиялық экономикалық
одақтың сәйкестік туралы тіркелген декларацияларының бірыңғай тізілімінде көрсетілген.
KZ
35