Инструкция водонагреватель электрический Thermex Hope 50 V Slim

Page 23 (стр. 23 из 32)

Бренд: Thermex

Страница 23 документа Водонагреватель электрический Thermex Hope 50 V Slim. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: Thermex.

Текст страницы

KZ

Энергияға тəуелсіз жад.
Электр энергиясы сөндірілгеннен кейін құрылғының жадында соңғы пайдаланушылық
баптаулар сақталады. Іске қосқаннан кейін олар автоматты түрде қалпына келеді.

Қатудан қорғаныш.
Қатудан қорғаныш əдепкі қалпы бойынша іске қосылған жəне пайдаланушымен реттелмейді.
Қатудан қорғанышты сөндіруге болмайды. Ішкі бактағы судың температурасы +5°С-ден
төмендегенде ол сөндірілген күйде (2-батырма) жəне аспап желіге қосылып тұрғанда
автоматты түрде белсендіріледі. Су жылытқышы судың +10°С дейін қыздырылуын автоматты
түрде іске қосады. Белсендірілген сəтте дисплейде «10» температурасы үш рет жыпылықтай-
ды жəне қыздыру басталады. Дисплейде ішкі бактағы су температурасының нақты мəндері
көрсетіледі. Қатуға қарсы режим пайдаланушы су жылытқышын батырмамен (2) іске қосқанда
жəне таңдалған режимдерінің біреуінде жұмысты баптағанда автоматты түрде сөнеді.

Құрғақ қыздырудан қорғаныш.
ЭСЖ-ны желіге багы суға толтырылмағанда іске қосқанда қыздырғыш элементі жəне темпера-
тура датчигі істен шықпауы үшін қыздыруды басқару жүйесі құрғақ қыздырудан қорғаныш
функциясымен жабдықталған. Осы функцияны белсендірген сəтте «Е1» дисплейде қатесі
пайда болады жəне дыбыстық сигнал естіледі. Қатені арылту үшін ЭСЖ-ны желіден ажыратып,
бакты осы Нұсқаулықтың «Сұқұбырға қосу» тарауына сəйкес суға толтыруға шара қолдану
жəне тек осыдан кейін ғана ЭСЖ-ны желіге қайта қосылуын жүргізу керек.

Техникалық қызмет көрсету (ТҚК)

ЭСҚ ұзақ мерзімді жұмысы үшін техникалық қызмет көрсетуді (ТҚК) жыл сайын жүргізу
ұсынылады.
THERMEX Hope сериясындағы магнийлік анод 5 жыл пайдалануға есептелген, осы
мерзім аяқталғаннан кейін оны ауыстыру керек.

ТҚК мезгіл-мезгіл жүргізіп отыру ЭСҚ ұзақ мерзімді жұмысы үшін міндетті шарттар болып
табылады. Бұл талаптарды орындамау ЭСҚ-ты кепілді қызмет көрсетуден шығару үшін негіз
болып табылады. Техникалық қызмет көрсету өндіруші мен сатушының кепілдік
міндеттемелеріне кірмейді.

ТҚК жүргізген кезде ТЭҚ-те суқақтың болуы тексеріледі. Сонымен бірге ЭСҚ-тың төменгі
бөлігінде жиналуы мүмкін тұнба жойылады. Егер судың құрамында химиялық қоспалардың көп
мөлшері болса, қыздыру элементінде көп мөлшер суқақ тұнуы мүмкін. ТЭҚ-те сқақ түзілуі оның
істен шығуына əкелуі мүмкін, бұл кепілдік жағдай болып табылмайды жəне оны ауыстыру
өндіруші мен сатушының кепілдік міндеттемелеріне кірмейді.
Егер ТЭҚ-те суқақ түзілсе, онда оны суқақ кетіретін құралдар арқылы немесе механикалық
жолмен жоюға болады. ЭСҚ-тан тұнбаны жойған кезде шамадан тыс күш салуға жəне ішкі
бактың қорғаныс жабынын зақымдамау үшін абразивті тазалау құралдарын пайдалануға
болмайды.

Бірінші техникалық қызмет көрсетудің маңыздылығы суқақ пен тұнбаның түзілу қарқындылығы
бойынша келесі ТҚК жүргізу мерзімін анықтауға, жəне соның салдарынан ЭСҚ пайдалану
мерзімін ұзартуға болатынында тұрады. Жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда
ЭСҚ пайдалану мерзімі қысқартылады, ЭСҚ-тың істен шығу ықтималдығы артады жəне
кепілдік міндеттемелердің қолданылуы тоқтатылады.

23

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.