Текст страницы
KZ
АЭСЖ-тағы қосылыстарды қатайту кезінде АЭСЖ ішкі қосылыстарына
зақым келтірмеу үшін кіріс (сурет. 3, б.2) және шығыс (сурет. 3, б.3)
келтеқұбырларының өтпелі муфталарын реттелетін немесе кілтпен ұстап тұру
қажет! Себезгі саптамасын (сурет. 3, б.7) ұзын икемді шлангпен (сурет. 3, б.6)
немесе шүмекті (сурет. 3, б.4) ыстық судың шығатын келтеқұбырымен (сурет. 3,
б.3) – «шығу» деп белгіленген АЭСЖ оң жақ құбырымен жалғаңыз. Иілгіш
шлангі (сурет. 3, б.6) мен шүмегі (сурет. 3, б.4) бар душ саптамасының (сурет. 3,
б.7) ыстық су шығатын келтеқұбырына (сурет. 3, б.3) бір уақытта қосылу үшін
ауыстырғышты (сурет. 3, б.5) пайдаланыңыз. Қосылғаннан кейін тиекті шұрасын
(сурет. 3, б.8) ашып, су құбырының реттегішін (сурет. 3, б.11) ашып, АЭСЖ-қа су
беріңіз, АЭСЖ-ты сумен толтырғаннан кейін су құбырын реттейтін кранды
жабыңыз (кірістегі) (сурет. 3, б.11).
Vetro сериялы THERMEX АЭСЖ ашық типтегі құрылғылар
болып табылады және сумен жабдықтау жүйесіне кірістіруге
арналмаған. Судың еркін шығуына кедергі келтіретін АЭСЖ
шығу тесігіне қандай да бір бекіту арматурасын орнатуға
тыйым салынады. Бұрын қолданылған сымдарды қолдануға
тыйым салынады.
7. ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Vetro 3500 tap, Vetro 3500 shower, Vetro 3500 combi АЭСЖ электр желісіне
қосу жеткізілім жиынтықтылығына кіретін евроашасы бар сымның көмегімен
жүзеге асырылады. P
Vetro 3500 tap, Vetro 3500 shower, Vetro 3500 combi АЭСЖ электр желісіне
қосу үшін жетекші электр кабелін қысқыштар блогына қосу керек: L – «фаза»; N
– «нөл»; E – «жер». Қосу үшін қуаттылығы 5500 Вт, 6500 Вт құрылғылар үшін
әрбір талсымның қима ауданы кемінде 4 мм2 құрылғылар болатын үш талсымды
кабельді (АЭСЖ жеткізу жиынтықтылығына кірмейді) пайдалану ұсынылады.
Сымдарды
монтаждауды
бастамас
бұрын,
құрылғы
қосылатын
желіні
ажыратыңыз. Алдымен кабель құрылғыға, содан кейін қосқышқа қосылады.
АЭСЖ-ты желіден ажырату үшін барлық полюстерде кемінде 3 мм ашық
күйдегі контактілер арасындағы саңылауы бар қос полюсті сөндіргішті пайдалану
қажет (АЭСЖ жеткізу жиынтықтылығына кірмейді). Электр сымдары, алдын ала
сақтау және коммутациялық құрылғылар 3500 Вт құрылғылары үшін кемінде
16 А, 5500 Вт/6500 Вт құрылғылары үшін кемінде 35 А ток жүктемесін шыдауы
тиіс.
АЭСЖ-ты жерге тұйықтаусыз пайдалануға қатаң тыйым салынады!
АЭСЖ электр желісіне қосылғаннан кейін, 2-суретке сәйкес жоғарғы қақпақты
(бұрандаларды бұраңыз) орнына орнату керек.
25