Инструкция встраиваемая посудомоечная машина Candy NOVA CI 1A7E1AB-08

Күтім және тазалау 13 (стр. 88 из 100)

Бренд: Candy

Страница 88 документа Встраиваемая посудомоечная машина Candy NOVA CI 1A7E1AB-08. Раздел: Встраиваемые посудомоечные машины. Бренд: Candy.

Текст страницы

13

Күтім және тазалау 13

Уақыт өте келе ыдыс жуатын машинада тамақ қалдықтары немесе әк қағы жиналуы ықтимал, бұл
жұмыс тиімділігін төмендетеді, ал тамақ қалдығы жағымсыз иіс шығаруы мүмкін. Ыдыс жуатын
машинаны тұрақты түрде тексеру және тазалау керек.

МАҢЫЗДЫ!

КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

▶Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында әрқашан ыдыс жуатын машинаны
электр желісінен ажыратыңыз, сумен жабдықтауды тоқтатыңыз және машинаның барлық
бөліктері суығанша күтіңіз.
▶Келесі тазалау құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар беттерді зақымдауы мүмкін:
- пластик немесе тот баспайтын болаттан жасалған абразивті губкалар
- абразивті немесе еріткіш тұрмыстық тазалау құралдары
- қышқылды немесе сілтілі тазартқыш құралдар
- жууға арналған құралдарды және зарарсыздандырғыш құралдарды
- тот баспайтын болатқа арналған тазалау құралдары және полирольдер
- қол жууға арналған сұйықтық немесе сабын
▶Егер ыдыс жуғыш машинада фарфор немесе шыны ыдыс сынып қалса, өзіңізді
жарақаттамау және машинаны бүлдірмеу үшін сынықтарды ақырын алып тастау қажет.
▶Тазалағаннан кейін әрқашан бүріккіштер мен сүзгілердің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.

Ыдыс жуатын машинаның сыртқы бетін тазалау

• Ыдыс жуатын машинаның сыртқы беттерін тазалау үшін оларды таза, жұмсақ, дымқыл
шүберекпен сүртіп, таза, түксіз шүберекпен құрғатыңыз.
• Ылғалдауға болмайтын бөліктерінің жиектерін сүрту керек. Мысалы, басқару батырмаларын
сүрту үшін матаны олардың айналасына ақырын сырғытыңыз.
• Басқару панелі шектен тыс ылғалданбауы үшін мұқият болыңыз.

ЕСКЕРТПЕ!

Панельді тазалар алдында батырмаларды өшіріп (бұғаттап) қоюға болады

Есік тығыздағышын және ыдыс жуғыш машинаның ішін
тазалау

Жылы суға малынған жұмсақ, түксіз шүберекпен мұқият сүртіңіз. Егер машина қатты ластанған
болса, өндірушінің нұсқауларын орындай отырып, ыдыс жуғыш машина тазалағышты/қақтан
тазартқышты қолданыңыз.

Сүзгілерлі тазалау

Ағызу сүзгілері ірі тағам қалдықтарын ұстап қалады және оларды сорғыға түсірмейді. Бұл
қалдықтар сүзгіні бітеуі мүмкін. Сүзгілерді қоқыстарды көрген сайын тазалауды ұсынамыз.
• Су төгетін сүзгіні алу үшін оны сағат тіліне қарсы бұрап, алыңыз.
• Бұдан кейін сүзгіш пластинан шығаруға болады.
• Барлығын ағынды судың астында мұқият шайып және орнына орнатыңыз.
Сүзгінің кері дұрыс қойғаныңызға көз жеткізіңіз: сүзгілеуші тілімше ыдыс жуғыш машинаның
түбімен беттестіре орналасуы керек.

KZ

88

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

CANDY CI 4E7L0W-08

48 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

CANDY NOVA CI 4A7E0AA-08

100 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

DEXP BD45-M01L

52 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

DEXP BD45-M01L

52 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

Gressel UBB600

53 стр.