Текст страницы
11 11 Күнделікті қолдану
Бағдарламаны іске қосу
1. Ыдыс жуатын машинаны қосу үшін есігін ашып, ON/OFF (ҚОСУ/СӨНД)
батырмасын
басыңыз.
2. Ыдыс жуатын машинаның басқару панелінен қажет бағдарламаны таңдау үшін
Күнделікті қолдану
батырмасын басыңыз.
3. Бағдарламаны іске қосу үшін
батырмасын басыңыз және есігін жабыңыз.
ЕСКЕРТУ
Ыдыс жуатын машина соңғы қолданған бағдарламаны жадында
сақтайды. Келесі қосылған кезде ол әдепкі қалпы бойынша соңғы
пайдаланылған бағдарламаны таңдайды.
Жуу бағдарламасын уақытша тоқтату және жаңарту
1. Бағдарламаны уақытша тоқтату үшін есігін абайлап ашыңыз.
Ыдыс жуатын машина пауза режимінде тұрған кезде қалған уақыт индикаторы
жыпылықтап тұрады, паузаның дыбыстық сигналы естіледі.
ЕСКЕРТУ
Ыстық су үстіңізге шашырамау үшін бүріккіштер айналуын тоқтатқанша
есігін толығымен ашпаңыз.
- Қажет болған жағдайда ыдысты салыңыз, шығарыңыз және орнын ауыстырыңыз.
- Есігін жауып, бағдарламаны қайта іске қосыңыз.
Жуу бағдарламасын болдырмау немесе өзгерту
Бағдарламаны уақытша тоқтату үшін есігін абайлап ашыңыз.
батырмасын басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз, жуу бағдарламасы бастапқы
қалпына түседі.
Содан кейін іске қосу үшін жаңа жуу бағдарламасын таңдай аласыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Егер ыдыс жуу процесінде бағдарлама үзілсе, онда жуғыш заттың
қалдықтары ыдыста қалады. Бұл денсаулыққа зиян болуы мүмкін! Осы
ыдысты пайдаланар алдында жуғыш құралдың қалдықтарын міндетті
түрде толығымен шайып жіберіңіз.
Кейінге қалған бағдарламаны іске қосу
Бағдарламаны іске қосуды кейінге қалдыру үшін құрылғыға іске қосу уақытын
келесідей көрсетіңіз:
KZ
37