Текст страницы
12 12 Күтім және тазалау
Уақыт өте келе ыдыс жуатын машинаның ішінде тамақ қалдықтары немесе әк жиналуы
мүмкін. Бұл жуу тиімділігін төмендетуі мүмкін, ал тамақ қалдықтары жағымсыз иіс
шығаруы мүмкін. Ыдыс жуатын машинаны тұрақты түрде тексеру және тазалау керек.
МАҢЫЗДЫ!
Күтім және тазалау
y
Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында әрқашан ыдыс
жуатын машинаны электр желісінен ажыратыңыз, сумен жабдықтауды
тоқтатыңыз және машинаның барлық бөлігі суығанша күтіңіз.
y
Мына тазалау құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар беттерді
зақымдауы мүмкін:
- пластиктен немесе тот баспайтын болаттан жасалған абразивті ысқыштар
- абразивті немесе сольвентті тұрмыстық тазартқыш құралдар
- қышқылды немесе сілтілі жуғыш заттар
- кір жууға арналған құралдар және зарарсыздандырғыш құралдар
- тот баспайтын болатқа арналған тазартқыш құралдар немесе
полирольдер
- қол жууға арналған сұйықтықтар немесе сабын
y
Егер ыдыс жуатын машинада фарфор немесе шыны ыдыс сынып
қалса, өзіңізді жарақаттамау және машинаны бүлдірмеу үшін
сынықтарды ақырын алып тастау қажет.
y
Тазалағаннан кейін әрқашан бүріккіштер мен сүзгілердің дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
Ыдыс жуатын машинаның сыртқы бетін тазалау
y
Ыдыс жуатын машинаның сыртқы беттерін тазалау үшін оларды таза, жұмсақ,
дымқыл шүберекпен сүртіп, таза, түксіз шүберекпен құрғатыңыз.
y
Ылғалдауға болмайтын бөліктерінің жиектерін сүрту керек. Мысалы, басқару
батырмаларын сүрту үшін матаны олардың айналасына ақырын сырғытыңыз.
y
Басқару панелі шектен тыс ылғалданбауы үшін мұқият болыңыз.
Ескерту: басқару панелін тазаламас бұрын, батырмаларды өшіру (бұғаттау)
ұсынылады.
Есік тығыздағышын және ыдыс жуатын машинаның ішін
тазалау
Жылы суға малынған жұмсақ, түксіз шүберекпен мұқият сүртіңіз. Егер машина
қатты ластанған болса, өндірушінің нұсқауларын орындай отырып, ыдыс жуатын
машинаны тазалағышты/қақтан тазартқышты қолданыңыз.
Сүзгілерлі тазалау
KZ
Ағызу сүзгілері ірі тағам қалдықтарын ұстап қалады және оларды сорғыға
түсірмейді. Бұл қалдықтар сүзгіні бітеуі мүмкін. Сүзгілерді қоқыстарды көрген сайын
тазалауды ұсынамыз.
39