Текст страницы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Бұл құрылғы, егер қараусыз немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адамның тиісті
нұсқауынсыз пайдаланатын болса, дене, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі
мен білімі жоқ адамдардың (балаларды қоса алғанда) пайдалануына арналмаған. Балалардың аспаппен
ойнамауын қадағалау қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Мұздатқыш шкафта тез тұтанғыш заттары бар аэрозоль баллондары сияқты
жарылу қаупі бар заттарды сақтауға жол берілмейді.
Бұл аспап үйде қолдануға, сонымен қатар:
-
дүкендердің асханаларында, кеңселерде және басқа да қызметтік орынжайларда;
-
«түнеу және таңғы ас» типті қонақүйлерде;
-
кейтеринг жүйесінде және осыған ұқсас қоғамдық тамақтану жүйелерінде қолдануға арналған.
ТЭЛЕКТР ҚУАТЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Ашаны розеткаға салмас бұрын, аспап ішіндегі паспорт тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиілік
электр желісінің мәндеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Біз бұл аспапты негізгі желіге оңай қолжетімді
жерде орналасқан сақтандырғышы бар тиісті розетка арқылы қосуды ұсынамыз. Егер аппараттың желілік
сымы зақымдалған болса немесе ауыстыруды қажет етсе, оны өндіруші немесе оның сервистік серіктесі
ауыстыруы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БҰЛ АСПАП ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАЛУЫ КЕРЕК