Инструкция встраиваемый холодильник Candy CBCH7226AFM

Страница 29 (стр. 29 из 50)

Бренд: Candy

Страница 29 документа Встраиваемый холодильник Candy CBCH7226AFM. Раздел: Встраиваемые холодильники. Бренд: Candy.

Текст страницы

ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР

1.
Аспапты тек тік күйде тасымалдау керек. Тасымалдау кезінде аспаптың зауыттық қаптамасы
зақымдалмауы керек.

2.
Егер тасымалдау кезінде аспапты көлденең күйде тасымалдау қажет болса, аспапты алдынан
қарағанда сол жағына қарай жатқызу керек.

3.
Аспапты тік күйге келтіргеннен кейін, жүйенің қалпына келуіне мүмкіндік беру үшін оны орнатқаннан
кейін кем дегенде 4 сағат пайдалануға болмайды.

4.
Жоғарыда көрсетілген нұсқауларды орындамау аспапқа зақым келтіруі мүмкін. Егер осы нұсқаулар
орындалмаса, өндіруші жауапты болмайды.

5.
Аспап жаңбырдан, ылғалдан және қоршаған ортаның басқа әсерінен қорғалуы керек.

6.
Құрылғыны орнатқан кезде еден жабыны, ас үй жиһазы, басқа бөлшектер мен есіктерге,
құбырларға, қабырғаларға және т. б. зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Құрылғыны есігінен тарту
арқылы жылжытпаңыз.

7.
Аспапты жылжытпас бұрын су жинау науасына жиналған суды төгіп тастаңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін «Еріту» және «Күтім және тазалау» бөлімдерін қараңыз.

8.
Еріген судың еденге төгілуіне жол бермеу үшін аспаптың артқы қабырғасында орналасқан еріген
суды ағызу түтігі компрессордың жоғарғы жағындағы булану ыдысына қосылғанына көз жеткізіңіз.

МАҢЫЗДЫ: Аспапты тазалау /тасымалдау кезінде өте мұқият болу керек. Аспаптың артқы жағындағы
конденсатордың төменгі жағында орналасқан металл сымдарға қол тигізбеңіз, себебі саусақтарыңыз бен
қолыңызға зақым келуі мүмкін.

Аспаптың үстіне отырмаңыз немесе тұрмаңыз, себебі ол мұндай пайдалануға арналмаған. Сіз өзіңізді
жарақаттауыңыз немесе аспапты зақымдауыңыз мүмкін.

МАҢЫЗДЫ: Желілік кабельдің кесілуіне немесе зақымдалуына жол бермеу үшін аспапты тасымалдау /
ауыстыру кезінде және одан кейін желілік кабель тоңазытқыштың астына түспегеніне көз жеткізіңіз.

Балаларға тоңазытқышпен ойнауға рұқсат етпеңіз. Егер осы нұсқаулар орындалмаса, Haier компаниясы
ешқандай жауапкершілік алмайды.

МАҢЫЗДЫ!
ОРНАТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР

1.
Тоңазытқыш орнатылатын орынжай көлемі кемінде 10 текше метр болуы керек.

2.
Аспапты орнату бойынша егжей-тегжейлі нұсқауларды, соның ішінде есіктің ашылу бағытын
қараңыз.

3.
Тоңазытқышты түнде және/немесе әсіресе қыста температура +5 °C төмен түсуі мүмкін суық
орынжайға қоймаңыз.

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

HAIER HBW5518ERU

56 стр.