Текст страницы
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ақпарат
ЕСКЕРТУ!
f Құрылғыда немесе жанында тұтанатын, жарылғыш немесе коррозияға қар-
сы материалдарды сақтамаңыз немесе пайдаланбаңыз.
f Құрылғының ішінде дәрілік, бактериологиялық немесе химиялық заттар-
ды сақтаушы болмаңыз. Бұл құрылғы тұрмыстық аспап болып табылады.
Температуралық режимнің қатаң сақталуын талап ететін материалдарды
сақтау ұсынылмайды.
f Мұздатқыш камерада сұйықтықтар (спирттің пайыздық мөлшері жоғары
спирт сусындарынан басқа), әсіресе газдалған сусындар бар бөтелкелерді
немесе қаңылтыр құтыларды ешқашан сақтамаңыз, себебі олар мұздату
кезінде жарылып кетуі мүмкін.
f Егер мұздатқыш камерада температура көтерілсе, тамақ өнімдерінің күйін
тексеріңіз.
f Тоңазытқыш бөлімшеде тым төмен температураны орнатпаңыз. Ең төменгі
температураны орнатқан кезде нөлден төмен температура пайда болуы
мүмкін. Нәтижесінде бөтелкелер жарылып кетуі мүмкін.
f Мұздатылған тағамды ылғалды қолмен ұстамаңыз (қолғап киіңіз).
Мұздатқыштан шығарғаннан кейін бірден жеміс мұзын қолданбаңыз. Үсіп
қалу қатері бар. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК: дереу салқын ағын суда ұстап тұрыңыз.
Жұлып алуға тырыспаңыз!
f Мұздатқыш камераның ішкі бетіне жұмыс істеп тұрған кезде қолыңызды,
әсіресе ылғал қолыңызды тигізбеңіз, себебі қолдарыңыздың беттеріне жа-
бысып қалуы мүмкін.
f Қуат беруде үзіліс болған жағдайда немесе жуу алдында қуат ашасын желі-
ден ажырату керек. Құрылғыны қайта іске қосу үшін кем дегенде 7 минут
күту керек, себебі жиі іске қосу компрессорға зиян келтіруі мүмкін.
f НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші ұсынған өнімдерді қоспағанда, тамақ өнім-
дерін сақтауға арналған бөлімшелерінің ішінде электр аспаптарын пайда-
ланбаңыз.
Қызмет көрсету/тазалау
f Егер тазалау мен техникалық қызмет көрсетуді балалар жүргізсе, олар
бақылауда болуы керек.
f Кез келген ағымдағы техникалық қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғы-
ны қуат көзінен ажыратыңыз. Құрылғыны қайта іске қосу үшін кем дегенде
5 минут күту керек, себебі жиі іске қосу компрессорға зиян келтіруі мүмкін.
7