Текст страницы
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ақпарат
ЕСКЕРТУ!
f Құрылғыны розеткадан ажыратқанда, қуат сымын емес, ашаны ұстап
тұрыңыз.
f Құрылғыны қатты щеткалармен, сымды губкалармен, кір жуғыш ұнтақпен,
бензинмен, амилацетатпен, ацетонмен және басқа да ұқсас органикалық,
қышқылды немесе сілтілі ерітінділермен тазаламау керек. Бүлінулерді бол-
дырмау үшін тоңазытқыштарды жууға арналған арнайы құралдарды пай-
даланыңыз.
f Мұзды өткір заттармен шағып алмаңыз. Пластик бөлшектерге зақым кел-
тірмеу үшін тозаңдатқыштарды, электр қыздырғыштар мен фендерді, бу
тазартқыштарды немесе басқа жылу көздерін пайдаланбаңыз.
f НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұзын еріту процесін жылдамдату үшін өндіруші
ұсынғаннан басқа механикалық құрылғыларды немесе басқа құралдарды
пайдаланбаңыз.
f Жарақаттар мен электр тогынан зақымдануды болдырмау үшін бүлінген
қуат сымын ауыстыруды өндіруші, өндірушінің қызмет көрсету орталығы-
ның өкілі немесе ұқсас біліктілігі бар маман жүзеге асыруы керек.
f Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе модификациясын өзгерту-
ге тырыспаңыз. Жөндеу қажет болған жағдайда біздің клиенттерді қолдау
қызметімізге хабарласыңыз.
f Тұтану қаупіне, сондай-ақ энергияның тұтынылуының арттырылуына жол
бермеу үшін жылына кемінде бір рет құрылғының артқы жағындағы шаңды
сүртіп тұрыңыз.
f Тазалау кезінде құрылғыға суды тозаңдатпаңыз немесе оған су сеппеңіз.
f Құрылғыны тазалау үшін тозаңдатылған суды немесе буды пайдаланбаңыз.
f Суық шыны сөрелерін ыстық сумен жумау керек. Температураның күрт өз-
геруінен шыны жарылып кетуі мүмкін.
Тоңазытқыш агент туралы ақпарат
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құрылғы құрамында изобутан тез тұтанатын тоңазытқыш агент (R600a) бар. Та-
сымалдау немесе орнату кезінде тоңазытқыш агент контурының бүлінбегеніне
көз жеткізіңіз. Тоңазытқыш агенттің ағып кетуі көздің жарақаттануына немесе
тоңазытқыш агенттің тұтануына әкелуі мүмкін. Егер бүліну орын алса, өрт көз-
дерін құрылғыға жақындатпаңыз, бөлмені мұқият желдетіңіз, осы құрылғының
немесе басқа аспаптардың қуат сымдарын қоспаңыз немесе ажыратпаңыз.
Клиенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгініңіз.
Тоңазытқыш агент көзге түскен жағдайда оны ағын судың астында дереу
жуыңыз және дереу көз дәрігеріне қаралыңыз.
8