Текст страницы
Клиенттерді қолдау қызметі
Біз «Хайер» компаниясының клиенттерге қолдау көрсету қызметіне
хабарласуды, сондай-ақ түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануды
ұсынамыз. Егер сізде тұрмыстық техникаңызбен мәселелер туындаса,
алдымен «Ақаулықтарды жою» бөлімін қарап шығыңыз.
Егер де сіз ақауыңыздың шешімін таба алмасаңыз, мынаған жүгініңіз:
— өзіңіздің ресми дилеріңізге немесе
— біздің колл-орталыққа:
8 (800) 070-01-29 (РК),
— https://haieronline.kz/ сайтына, онда сіз қызмет көрсетуге өтініш қалдыра
аласыз, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
Сервистік орталығымызға жүгіне отырып, өтінеміз, паспорт тақтайшасынан
және түбіртектен табуға болатын төмендегі ақпаратты дайындаңыз:
Үлгі _________________________________
Сериялық нөмірі ______________________
Сатылған күні_________________________
Сондай-ақ, кепілдік пен сату құжаттарының болуын тексеріңіз
Маңызды! Кептіру машинасында сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге
кептіру машинасын сәйкестендіруді және соның салдарынан оған кепілді
қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді. Кептіру машинасынан зауыттық
сәйкестендіру тақтайшаларын алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық
тақтайшалардың болмауы кепілдік міндеттемелерді орындаудан бас тартуға
себеп болуы мүмкін.
Осы құжатқа алдын ала ескертусіз өзгерістердің енгізілуі мүмкін. Өндіруші
қосымша ескертусіз бұйым құрылымы мен жабдықтамасына өзгерістер енгізуге
құқылы.
Өнім Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағының техникалық регламенттері
талаптарына сәйкес келеді.
Сәйкестік сертификат № ЕАЭС RU С-CN.АЯ46.В.32110/23 22.11.2023-дан
21.11.2028 дейін қолданылады.
Сәйкестік туралы декларация № ЕАЭС N RU Д-CN.РА09.В.97714/23
23.11.2023-дан 22.11.2028 дейін қолданылады.
Анағұрлым толық мәлімет берілген сәйкестік сертификаттарының бірыңғай
тізілімінде және Еуразиялық экономикалық одаққа сәйкестігі туралы тіркелген
декларацияда көрсетілген.
45