Текст страницы
Клиенттерді қолдау қызметі
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier Brand
building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, Қытай, Сізге
таңдауыңыз үшін алғыс айтады білдіреді жəне пайдалану ережелерін ұстанған кезде осы
бұйымның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмыста
пайдалануға арналған тұрмыстық тоңазытқыштардың ресми қызмет мерзімі бұйымды
соңғы тұтынушыға берген күннен бастап 7 жыл құрайды. Өнімнің жоғары сапасын
ескере отырып, нақты пайдалану мерзімі айтарлықтай ресми мерзімнен артық болуы
мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу
үшін жəне ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді
сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген жəне техникалық
талаптардың сəйкестілігіне арналған тиісті сертификаттауды өткен.
Түсінбестікке жол бермеу үшін Сізден сатып алған кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты,
кепілдікті міндеттемелердің шарттарын зейін қойып оқып шығуыңызды сұраймыз. Осы
бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз
сатып алған бұйым арнайы орнатуды жəне іске қосуды талап еткен болса, Сізге Haier-дің
Авторландырылған серіктесіне жүгінуді қадала ұсынамыз.
Haier Корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар
құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамамен, басқа нормативтік актілермен
бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттаныдру бойынша міндеттемелерді өзіне
алғанын растайды. Алайда, Haier Корпорациясы төменде мазмұндалған шарттар
сақталмаған жағдайда кепілдікті, сонымен қатар қосымша сервистік қызмет көрсетуден
бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті жəне қосымша сервистік қызмет көрсетудің шарттары
Haier Корпорациясы тауар тұтынушыға табысталған күннен бастап 12 ай кеплідік мерзім
белгілейді жəне тауар тұтынушыға табысталған күннен бастап 36 ай бойы қосымша
сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Тоңазытқыштың компрессорына кепілді мерзім -
бұйымды соңғы тұтынушы сатып алған күннен бастап 12 жыл. Ықтимал жаңсақтықтарға
жол бермеу үшін қызмет ету мерзімі ішінде бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін
құжаттарды (тауарық чек, кассалық чек, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) сақтап қойыңыз.
Бұйымға қосымша сервистік қызмет көрсету — Өндірушінің кінəсінен бұйымда пайда
болған ақауларды тұтынушы үшін тегін жою. Бұндай қызмет тек қана бұйым иесі тауарлық
жəне кассалық чектерді, бұйымды сатып алу дерегін растайтын басқа құжаттарды
көрсеткенде ғана көрсетіледі.
Кепілдікті қызмет көрсетуді тек қана Haier Авторландырылған серіктестері жүргізеді.
Авторландырылған серіктестердің толық тізімін сіз келесі телефондар арқылы Haier
Ақапараттық орталығында біле аласыз:
8 (800) 070-01-29 — Қазақстаннан келген тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін
қоңырау шалу)
немесе сайтта: https://haieronline.kz/ немесе келесі электрондық пошта арқылы сұрату
жасап біле аласыз: support-kz@haieronline.kz.
Авторландырылған серіктестердің деректері өзгеріп кетуі мүмкін, анықтамалар үшін Haier
Ақпараттық орталығына жүгініңіз.
46