Инструкция встраиваемый холодильник Haier BCFT529TWRU

Страница 94 (стр. 94 из 101)

Бренд: Haier

Страница 94 документа Встраиваемый холодильник Haier BCFT529TWRU. Раздел: Встраиваемые холодильники. Бренд: Haier.

Текст страницы

Қауіпсіздік техникасы
жөніндегі нұсқаулық

Тағайындалуы: аталған құрылғы тек құрғақ үй жағдайында пайдалануға арналған. Кез-
келген басқа жағдайда пайдалану дұрыс болмайды және жарақат алуға әкелуі мүмкін,
бұл жағдайда өндіруші жауапкершілік алмайды.

Тоңазытқышты ажыратқан кезде кабельді емес, айырын ұстаңыз.

Айырдың тоңазытқышпен қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз. Қорек баусымын
баспаңыз.
Тоңазытқышты жылжытқан кезде, қорек баусымын ширатпаңыз немесе зақымдамаңыз.

Қорек баусымының айыры зақымдалған немесе тозған жағдайда, тоңазытқышты
өшіріп, оны ауыстыру үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тоңазытқышқа жақын жерде көмір газы немесе басқа жанғыш газдар шығып кетсе, газ
клапанын жауып, есіктер мен терезелерді ашып, тоңазытқыш пен басқа құрылғыларды
розеткадан суырып, сөндірмеңіз.
Тоңазытқышта жанғыш, жарылғыш және коррозиялық материалдарды сақтауға тыйым
салынады.
Тоңазытқышта дәрілік құралдарды, бактерияларды және басқа химиялық заттарды
сақтауға тыйым салынады. Тоңазытқыш тек үйде пайдалануға арналған. Сақтау үшін
қатаң белгіленген температура деңгейін қажет ететін заттарды тоңазытқышқа салу
ұсынылмайды.
Өрттің алдын алу үшін тоңазытқыштың жанында бензин мен басқа да жанғыш
заттарды сақтамаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Тұрақсыз заттарды (мысалы, ауыр заттар, ішінде сұйықтығы бар ыдыстар) құлаған
кезде жарақат алмау үшін немесе сумен жанасудан туындаған электр соққысын
болдырмау үшін тоңазытқышқа салмаңыз.
Есікті оның үстінде орналасқан шөлмек сөрелерінен тартпаңыз. Бұл есіктің қисаюына,
шөлмек сөресінің ажыратылуына немесе тоңазытқыштың аударылып кетуіне алып
келуі ықтимал. Азық-түлікті шығарғанда немесе тоңазытқышқа салғанда мұздатқыштың
есігін баспаңыз.
Мұздатқыштың ішкі беттеріне, әсіресе, дымқыл қолдарыңызға тигізбеңіз, себебі
қолдарыңыз бетіне жабысып қалуы мүмкін.
Есіктерді ашу және жабу үшін тек тұтқаларын ұстаңыз. Есіктер және шкаф арасындағы
қашықтық өте аз. Саусақтарыңызды қысып алмау үшін қолыңызды салмаңыз.
Тоңазытқыштың есігін ашып, жапқанда, жақын жерде балалар жоқтығына көз жеткізіңіз.
Тоңазытқышты тазалау және жинау кезінде электрлік оқшаулауын қамтамасыз ету
үшін оған сұйықтықты шашыратпаңыз немесе қатты ағынды қысымымен шаймаңыз;
тоңазытқышты дымқыл бөлмеде немесе оған су шашырау мүмкіндігі бар жерде
орнатпаңыз.
Тоңазытқышты бөлшектеу мен түрлендіруді білікті мамандар жүзеге асыруы керек. Кез
келген білікті емес араласу салқындату құбырларына зақым келтіруі мүмкін. Мүлікке
зиян келтіруі және денсаулыққа зиян келтіру де мүмкін. Тоңазытқышты жөндеуді білікті
мамандар жүзеге асыруы керек.
Шөлмектегі сыраны немесе басқа сусындарды мұздатқышта сақтамаңыз, себебі шыны
қатқан кезде жарылып кетеді.
Электр желісі істен шыққан кезде немесе тазалау алдында қуат сымының айырын
розеткадан суырц және жиі іске қосу салдарынан компрессорға зақым келтірмеу үшін,
оны қосқанға дейін кемінде 5 минут күту керек.
Тоңазытқышты кәдеге жарату кезінде, балалардың тоңазытқышта кездейсоқ қалып
қоймауы үшін, есіктерді, тығыздағыштарды және сөрелерді алыңыз.

43

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

HAIER HBW5518ERU

56 стр.