Инструкция встраиваемый холодильник Haier BCFT529TWRU

Страница 95 (стр. 95 из 101)

Бренд: Haier

Страница 95 документа Встраиваемый холодильник Haier BCFT529TWRU. Раздел: Встраиваемые холодильники. Бренд: Haier.

Текст страницы

Қауіпсіздік техникасы
жөніндегі нұсқаулық

Азық-түлік сақтау бөлімдерінде кез келген электр құрылғыларын (өндіруші ұсынған
үлгілерді қоспағанда) пайдаланбаңыз.

Пайдалану олардың қауіпсіздігіне жауапты адам тарапынан бақылаумен немесе
қадағалауымен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бұл бұйым физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері төмендеген немесе тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдардың (балаларды қоса алғанда) пайдалануы үшін арналмаған.

Компрессордың жұмыс уақытын ұзартпау және еденге тамақтың түсуіне жол бермеу
үшін мұздатқышта тым көп тағамды сақтамаңыз. Камера қораптарына салынған жүктеу
сызығынан аспау ұсынылады. Тағамның жалпы салмағы 30 кг аспауы керек. Азық-
түліктің еденге құлап кетуінің алдын алу үшін мұздатқыштың жәшігін тым қатты немесе
бұрышпен қисайтып тартпаңыз.

Өндіруші ұсынған өнімдерді қоспағанда, жібітуді тездету үшін механикалық
құрылғыларды немесе басқа құралдарды пайдаланбаңыз.

Бұл құрылғымен ойнамау үшін балаларды қадағалаңыз.

„ Орнату кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Тоңазытқышты ылғалды жерге немесе оған жиі су шашырайтын жерге орналастыруға
болмайды. Судың немесе ластағыштардың шашырандыларын жұмсақ шүберекпен
алып тастау керек.

Тоңазытқышты ауыз су көзіне жақын жерде жақсы желдетілетін орынға орнату керек.
Тоңазытқыштың айналасында 20 см және 10 см кем емес бос орын қалдырыңыз.

Құрылғының немесе шкафтың саңылауларын жабудан аулақ болыңыз.

Тоңазытқыш қуат беру көзінің келесі сипаттамаларында жұмыс істейді: 220-240
В айнымалы тоқ/50 Гц. Кернеудің ауытқуы нәтижесінде тоңазытқыштың жұмысын
тоқтатуға, термостат пен компрессордың зақымдалуына немесе компрессор жұмыс
істеп тұрған кезде бөгде шудың пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда
қосымша автоматты кернеу тұрақтандырғышын орнату ұсынылады.

Тоңазытқышты қосу үшін жерге дұрыс тұйықталған бөлек розетка қажет. Тоңазытқыштың
қорек баусымы 2 түйіспелі айырмен (жерге тұйықталған) жабдықталған.

Тоңазытқышты орнатқаннан кейін айыр қолжетімді болуы керек.

Қорек баусымы зақымдалған жағдайда, қауіпті жағдайларды болдырмау үшін, оны
өндірушіге, оның қызмет көрсету агентіне немесе теңдес білікті мамандарға хабарласу
арқылы ауыстыру керек.

Тоңазытқыш контурына зақым келтіруге жол бермеңіз.

44

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

HAIER HBW5518ERU

56 стр.