Текст страницы
▪Аспапты тек қана айнымалы ток (~) көзіне қосыңыз. Қосар алдында аспапты
желіде қолданылатын кернеуге арналған екеніне көз жеткізіңіз.
Кез келген қате қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
▪Аспапты желіге қосу алдында ол сөндірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз.
▪Аспапты үй-жайдан тыс жерде пайдаланбаңыз. Аспапты ыстықтан, тікелей күн
сәулесінен, өткір бұрыштарға соғылудан, ылғалдылықтан сақтаңыз (еш жағдайда
аспапты
суға
батырмаңыз).
Аспапқа
ылғал
қолыңызды
тигізбеңіз.
Аспап
суланғанда, оны дереу желіден ажыратыңыз.
▪Аспап суға құлаған жағдайда оны дереу желіден ажыратыңыз. Бұл ретте
қолдарыңызы ешқашан суға батырмаңыз. Аспапты қайта қолданар алдында, оны
білікті маман тексеруі керек.
▪Пайдалану аяқталғаннан кейін, қондырманы орнату немесе шешу, тазалау немесе
құралдың сынуы кезінде, аспапты үнемі желіден өшіріңіз.
▪Аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Аспапты балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
▪Осы аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар немесе тәжірибе
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (балаларды қоса алғанда), мұндай адамдарға
қадағалау жүзеге асырылатын немесе олардың қауіпсіздігіне жауап беретін
адамның осы құралды пайдалануына қатысты оларға нұсқау беретін жағдайларды
қоспағанда, пайдалануына арналмаған.
▪Балаларды аспаппен ойнауға жол бермеу мақсатында қадағалауды жүзеге асыру
қажет.
▪Аспапты желілік баусымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ аспапты
желілік баусымынан ұстап, оны желіден ажыратуға тыйым салынады. Аспапты
желіден ажыратқанда, оны ашалық айырынан ұстаңыз.
▪Аспапты жылжытқан соң, көрсеткіштері жарақсыз болса, оны пайдаланбау керек.
Пайдаланар алдында, аспапты білікті маман тексеруі тиіс.
▪Пайдаланудан
кейін
ешқашан
электрқорек
сымымен
аспапты
айналдыра
орамаңыз, себебі бұл уақыт өте келе, сымның сынуына әкелуі мүмкін. Сақтау
кезінде сымды әрдайым тегіс етіп түзетіңіз.
▪Сымды ауыстыруды тек білікті мамандар - сервистік орталықтың қызметкерлері
жүзеге асыра алады. Біліктілігі жоқ жөндеу пайдаланушыға тікелей қауіп төндіреді.
▪Аспапты өз бетінше жөндемеңіз. Жөндеуді тек сервистік орталықтың білікті
мамандары жүргізуі керек.
▪Аспапты жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануға болады.
▪Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз.
Одан әрі кәдеге жарату үшін, оны мамандандырылған пунктке
тапсырыңыз. Осы арқылы сіз қоршаған ортаны қорғауға көмектесесіз.
5