Текст страницы
Құрылғыны қолданар алдында, барлық нұсқауларды оқып шығыңыз. Бұл нұсқауларды кейін қолдану үшін сақтап қойыңыз. ЕСКЕРТУ ЖƏНЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Бұл нұсқауларды оқып шығыңыз – Бұл өнімді қолданбас бұрын, барлық қауіпсіздік жəне пайдалану
нұсқауларын оқып шығу керек.
Бұл нұсқауларды сақтаңыз – Қауіпсіздік жəне пайдалану нұсқаулықтарын болашақта пайдалану
үшін сақтап қою керек.
Барлық ескертуге назар аударыңыз – Құрылғыдағы жəне пайдалану нұсқаулығындағы барлық
ескертуді орындау қажет.
Барлық нұсқауды орындаңыз – Барлық пайдалану нұсқаулығын орындау керек.
Бұл құрылғыны судың жанында қолданбаңыз – Құрылғыны судың немесе ылғалдың жанында,
мысалы, ылғал жертөледе немесе бассейннің жанында жəне т.б. қолдануға болмайды.
Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Желдету саңылауларын жаппаңыз. Өндірушінің нұсқауларына сəйкес орнатыңыз.
Тікелей күн сəулесі, радиаторлар, қыздырғыштар, плиткалар немесе қызу шығаратын басқа
құрылғы (оның ішінде күшейткіштер) сияқты қызу көздерінің жанына орнатпаңыз.
Полярлық немесе жерге тұйықтау ашасының қауіпсіз істейтініне көз жеткізіңіз. Полярланған
штепсельде екі аша бар, оның біреуін екіншісінен жалпақ болады. Жерге тұйықталатын
штепсельде екі аша жəне үшінші жерге тұйықтау ашасы бар. Жалпақ аша немесе үшінші аша
сіздің қауіпсіздігіңіз үшін берілген.
Егер берілген штепсельдік розеткаға сəйкес келмесе, ескі розетканы ауыстыру үшін электр
маманына хабарласыңыз.
Электр шнурын жүру жолынан алыс қойыңыз немесе ашаларға, розеткаларға жəне олар
құрылғыдан шығатын жерге қысылып қалмасын. Өндіруші көрсеткен бекітпелерді/аксессуарларды
ғана пайдаланыңыз.
Өндіруші көрсеткен немесе құрылғымен бірге сатылатын арбамен, тіреумен,
штативпен, кронштейнмен немесе үстелмен ғана қолданыңыз. Арба немесе тіреу
қолданылған кезде, аударылу кезінде жарақат алмау үшін арбамен/аппаратпен бірге
жылжытқанда сақ болыңыз.
Найзағай кезінде немесе ұзақ уақыт пайдаланылмайтын кезде, құрылғыны ажыратып қойыңыз.
Барлық жөндету жұмысын білікті маманға тапсырыңыз. Құрылғы қандай да бір жолмен
зақымдалған кезде, мысалы, қуат сымы немесе ашасы зақымдалған, сұйықтық төгілген немесе
заттар құрылғыға түсіп кеткен, құрылғыға жаңбыр немесе ылғал тиген кезде, дұрыс істемегенде
немесе құлап кеткенде, қызмет көрсету қажет етіледі.
АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл қызмет көрсету нұсқаулары тек білікті қызмет көрсетуші мамандарға арналған.
Егер біліктілігіңіз болмаса, ток соғу қаупін азайту үшін пайдалану нұсқаулығында қамтылғаннан
басқа мақсатқа қызмет көрсету жұмысын жасамаңыз.
Бұл жабдықты кітап қорапшасы немесе ұқсас құрылғы сияқты шектеулі немесе кіретін жерге
орнатпаңыз жəне ашық жерде жақсы желдету жағдайын сақтаңыз. Саңылауларға газетпен, үстел
жапқыштармен, перделермен жəне басқалармен жабу арқылы желдетуге кедергі келтірмеу керек.
Құрылғыны орнатпас бұрын немесе жұмыс жасамас бұрын, электр жəне қауіпсіздік туралы
ақпарат алу үшін артқы корпустағы ақпаратты қараңыз.
Өрт немесе электр тогының соғу қаупін азайту үшін бұл құрылғыны жаңбырға немесе ылғалға
шығармаңыз.
Құрылғыға тамшылауға немесе шашырауға жол берілмейді жəне сұйықтық құйылған заттарды,
мысалы, вазаларды құрылғыға қоймау керек. Құрылғыны шаң жерге жақын пайдаланбаңыз.