Текст страницы
Жарақаттануды болдырмау үшін бұл құрылғыны орнату нұсқауларына сəйкес қабырғаға мықтап
бекіту керек.
Төмендегі сипаттамаларға сəйкес келетін бұрандалар мен қабырға кронштейндерін қолданыңыз.
Дұрыс пайдаланбау немесе басқа аксессуарды пайдалану салдарынан болған кез келген зақым
немесе жарақат кепілдікке кірмейді.
65"
75"
Модельдің өлшемі:
Үстіңгі
Төмен
Үстіңгі
Төмен
Диаметрі (мм) «E»
A
M6
M6
M6
M6
Макс
B
С
Қалыңдығы (мм)
12
12
12
12
Бұранда
«D»
Ең
10
10
10
10
Саны
2
2
2
2
A B C
×
×
400 300 400
×
×
400 300 400
×
×
Ескертпе:
1. Суреттер тек анықтама ретінде берілген.
2. Терминалы қабырғаға қарайтын теледидарлар үшін терминалдарды пайдалануға жеткілікті бос орын
қалдыру керек болса, қабырға кронштейнін бекіту үшін əр бұрандамен бірге пластикалық арақабат қажет.
Ол — биіктігі ≥ 30 мм болатын кішкентай қуыс бөлшек.
Қашықтан басқару құралын пайдалануға арналған сақтық шаралары
Қашықтан басқару құралын қашықтан басқару сенсорына қаратып қолданыңыз. Қашықтан
басқару құралы мен сенсор арасындағы заттар қалыпты жұмысқа кедергі келтіреді.
Қашықтан басқару құралын қатты дірілдетпеңіз. Сондай-ақ қашықтан басқару құралына
сұйықтық шашпаңыз, қашықтан басқару құралын ылғалдылығы жоғары жерге қоймаңыз.
Қашықтан басқару құралын күн сəулесі тікелей түсетін жерге қоймаңыз, ондағы жылудың
əсерінен құрылғы деформациялануы мүмкін.
Қашықтан басқару сенсорына тікелей күн сəулесі немесе қатты жарық түскен кезде, қашықтан
басқару құралы істемейді. Солай болса, жарықты немесе теледидардың орнын ауыстырыңыз,
не болмаса қашықтан басқару құралын қашықтан басқару сенсорына жақынырақ қолданыңыз.
Bluetooth іздеуден бұрын жұптастыру режимінде сыртқы Bluetooth құрылғыларын қосқаныңызға
көз жеткізіңіз. Теледидармен бірге жеткізілген Bluetooth қашықтан басқару құралындағы
(болмауы мүмкін) ◄ жəне БАСТАПҚЫ түймелерін бірге басып, оның жұптастыру режимін
ашуға болады. Басқа Bluetooth құрылғылары үшін жұптастыру режимін ашуға арналған
нұсқауларды оқыңыз.
Батареяны пайдалануға арналған сақтық шаралары
Батареяны дұрыс пайдаланбаудан сұйықтық ағып кетеді. Сондықтан төмендегі əдістерді орындаңыз
жəне мұқият қолданыңыз.
1. Қысқа тұйықталуды болдырмау үшін батареялардың полярлығына назар аударыңыз.
2. Батареяның кернеуі жеткіліксіз болып, пайдалану ауқымына əсер етсе, жаңа батареямен
ауыстыру керек. Ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, батареяларды қашықтан басқару
құралынан алып қойыңыз.
3. Əр түрлі батареяларды (мысалы, марганец жəне сілтілі батареялар) бірге қолданбаңыз.
4. Батареяны отқа тастамаңыз, батареяны зарядтамаңыз немесе бөлшектемеңіз.
5. Батареяларды қоршаған ортаны қорғау туралы тиісті ережелерге сəйкес қоқысқа тастаңыз.
6. ЕСКЕРТУ: Батареяларға (батарея пакетіне немесе орнатылған батареяларға) күн сəулесі, от
немесе сол сияқты шамадан тыс жылу əсер етпеуі керек.