Текст страницы
►Пісіруді тезірек және біркелкі ету үшін вакуумның максималды
дәрежесін орнатыңыз.
►Вакуумдық пакеттің сенімді жабылуын қамтамасыз ету үшін
герметикалық аймақтың ластанбағанына көз жеткізіңіз.
2. Вакуумда пісіруге арналған жалпы ұсыныстар:
►Сіз тағамға аздап май және дәміне қарай дәмдеуіш қоса аласыз.
►Вакуумда пісірудің басында орташа мөлшерде дәмдеуіш қосыңыз.
►Шикі сарымсақтың орнына сарымсақ ұнтағын қолданыңыз.
►Зәйтүн майының орнына бейтарап майды қолдануға болады.
►Тамақты тезірек және біркелкі пісіру үшін вакуумдау дәрежесін
мүмкіндігінше жоғары ұстаңыз (99,9%).
2.1 Вакуумда пісіру: ет
►Дұрыс қуырылмай қалуын бодырмас үшін кестеде көрсетілгеннен жуан
ет кесегін пайдаланбаңыз.
►Кестелерде ас дайындаудың минимал қажет уақыты көрсетілген Пісіру
уақытын жеке қалауыңызға сәйкес көбейтуге болады.
►Вакуумдық пакеттерге зақым келтірмеу үшін тек сүйексіз етті
қолданыңыз.
►Құстың төс еті дәмдірек болу үшін вакуумда дайындар алдында не
содан кейін оны тері жағынан қуырыңыз.
►Вакуумда даярлап болған соң еттің беткі бөлігін сары майға қуырыңыз,
дәмі әлдеқайда жақсы болады.
28