Текст страницы
САҚТАУ
Электр құралдары қоршаған ортаның плюс 40°C-ден аспайтын температурасы және
70%-дан аспайтын ылғалдылығы бар жабық, құрғақ және таза бөлмеде, қоршаған
ортада құрылғылардың материалдарына теріс әсер ететін шаң, қышқыл және басқа
булар жоқ жерде сақталады.
ТАСЫМАЛДАУ
▪Электр құралдарын осы түрдегі көлікте қолданылатын жүктерді тасымалдау және
механикаландырылған
тиеу-түсіру
жұмыстарын
жүргізуді
қамтамасыз
ететін
ережелерге
сәйкес
тасымалдайды.
Құрылғыларды
тасымалдау
кезінде
зақымданудан қорғаныс - өнімнің сапасы мен тұтынушлық тараның сыртқы
көрінісі қамтамасыз етілуі керек.
▪Аспаптардың
тасымалдануы
оларға
атмосфералық
жауын-шашын
мен
жегі
орталардың тікелей әсер ету мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
ӨТКІЗУ
Өткізу ережелері белгіленбеген.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Бұйымдарды кәдеге жарату кезінде пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен
және
Қазақстан
Республикасы
Экологиялық
кодексінің
және
қолданыстағы
санитарлық нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес кейіннен кәдеге
жаратыла отырып, міндетті түрде жиналуға жатады.
Назар аударыңыз! Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық
қалдықтармен бірге шығарып тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жаратуға
арналған мамандырылған пунктке тапсырыңыз. Сіз осымен қоршаған ортаны
қорғауға көмектесе аласыз.
Сіздің аспабыңызды пайдалану кезінде өрттің, электр токпен зақымдану
немесе жарақат алу қаупінің, сонымен қатар оның сынуының алдын алу үшін
осы құралмен жұмыс істеген кездегі сақтықтың негізгі шараларын, сонымен
қатар электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқауларды қатаң сақтаңыз.
29