Текст страницы
ЭЛЕКТРЛІК АСПАПТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ
НҰСҚАУЛАР
• Аспапты пайдалану «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүргізілуі тиіс.
• Аспап тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта
ұзақ
уақыт
пайдалану
оның
шамадан
тыс
жүктелуіне
әкелуі
мүмкін,
соның
нәтижесінде ол зақымдануы мүмкін немесе адамдардың денсаулығына зиян келтіруі
мүмкін.
• Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес тағайындалуы бойынша ғана пайдаланылуы тиіс.
• Құралды қолданар алдында осы нұсқаулықты мұқият және толығымен оқып
шығыңыз.
• құралды іске қосар алдында әр кезде оны қарап байқап шығыңыз. құралдың және
желілік шнурдың зақымдануы болған жағдайда құралды розеткаға қоспаңыз.
• Егер зақымданудың көзге көрінетін белгілері болса, құлағаннан кейін құралды
пайдаланбау дұрыс болады. Аспапты пайдаланар алдында ол білікті маманмен
тексерілуі керек.
• Егер сіз құралдың жұмыс істеу қабілетіне сенімді болмасаңыз, оны пайдаланбаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз! Құрылғыны пайдаланбаған
кезде әрқашан тоқтан суырыңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванналар, шұңғылшалар немесе сумен толтырылған
басқа ыдыстар маңында пайдаланбаңыз.
• Ешбір жағдайда құралды суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз. Аспапқа
дымқыл қолыңызды тигізбеңіз. Аспап суланған жағдайда оны лезде желіден
ажыратып қойыңыз.
• Құрал суға түскен жағдайда оны тез арада желіден өшіріңіз. Бұл ретте қолдарыңызы
ешқашан суға батырмаңыз. Аспапты қайталап пайдаланар алдында ол білікті
маманмен тексерілуі керек.
• Аспапты тек қана айнымалы ток (~) көзіне қосыңыз. Қосар алдында құралды желіде
қолданылатын кернеуге арналған екеніне көз жеткізіңіз.
• Аспап желіге тек жерге тұйықталу ақылы қосылуы мүмкін. Сіздің қауіпсіздіңізді
қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электртехникалық нормаларға сәйкес
келуі
керек.
Бейстандартты
қуат
көздерін
немесе
іске
қосу
құрылғыларын
пайдаланбаңыз.
• Құралды желіге қосу алдында ол өшірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз.
• Құралды үй-жайдан тыс пайдаланбаңыз. Құралды өткір бұрыштарға соғылудан
сақтаңыз. Пайдалану аяқталған кезде, құрал сынғанда немесе тазалау кезінде оны
үнемі желіден өшіріңіз.
• Құралды желілік жетектен ұстап, тасымалдауға болмайды. Сонымен қатар құралды
желілік сымнан ұстап тұрып желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден
өшірген кезде штепсельдік вилканы ұстаңыз.
• Пайдаланудың ұзақ мерзімдік үзілісі кезде құрылғыны зауыттық қаптамасында,
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Құрал мен желілік сым олар ыстықтың, тікелей күн сәулесінің және ылғалдың әсеріне
түспейтіндей сақталуы тиіс.
32