Текст страницы
Балалардың және осал топ тұлғаларының қауіпсіздігі
EN стандарттарына сәйкес
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан үлкен балалар және физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой мүмкіндіктері төмен немесе тәжірибесі және
білімі жеткіліксіз адамдар құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар
алған болса және қатысты қауіптерді түсінсе, пайдалана алады. Балалар
құрылғымен ойнамауы тиіс. Тазалау және пайдаланушылық қызмет
көрсету жұмыстарын балалар қараусыз жасамауы тиіс. 3 және 8 жас
аралығындағы балалар тоңазытқышты тек ересектердің қарауымен жүктеуі
және түсіруі тиіс.
IEC стандарттарына сәйкес
Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой мүмкіндіктері төмен
немесе тәжірибесі және білімі жеткіліксіз адамдар (оның ішінде балалар)
қауіпсіздігіне жауапты адамнан құрылғыны пайдалану туралы нұсқау
алмаса немесе қадағаланбаса, пайдаланбауы тиіс.
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.
Тұншығып қалу қаупінің алдын алу үшін қаптама материалдарының
барлығын балалардан аулақ ұстаңыз.
Құрылғыны кәдеге жарату кезінде, оны ашадан суырып, қуат сымын
құрылғыға жақын етіп кесіңіз де, электр шогын алмас үшін және
балалардың қамалып қалмасы үшін есіктерін алып тастаңыз.
Ескі құрылғыны алмастыру кезінде, қысылып қалу қаупінің алдын алу
үшін ескі құрылғының ілмегі немесе пружиналық құлпы (егер ондай болса)
жұмыс істемейтіндей етілгенін тексеріңіз.
4