Текст страницы
Жалпы қауіпсіздік
ЕСКЕРТУ! Бұл құрылғы тұрғын үйлерде және соған ұқсас орындарда
пайдаланылуға арналған, мысалы:
-дүкендегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орталарындағы
қызметкерлердің асүйі;
-фермалар, қонақүйлер, мотельдер және басқа тұрғылықты орталар;
-«Жатын орын және таңғы ас» типіндегі орталарда;
-кейтеринг және басқа бөлшек саудаға жатпайтын қолданыстар.
ЕСКЕРТУ! Құрылғының ішінде жанғыш отыны бар аэрозоль банкалары
секілді жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
ЕСКЕРТУ! Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдайлардың алдын алу
үшін оны өндіруші немесе білікті маман ауыстыруы тиіс.
ЕСКЕРТУ! Ауа ағыны дұрыс жүруі үшін құрылғының желдеткіш
саңылауларын жаппаңыз.
ЕСКЕРТУ! Механикалық құрылғыларды немесе өндіруші ұсынбаған басқа
әдістерді пайдалану арқылы жібіту процесін жеделдетуге тыйым салынған.
ЕСКЕРТУ! Тоңазыту агентінің тізбегін зақымдамаңыз.
ЕСКЕРТУ! Өндіруші мақұлдамаған болса, тоңазытқыштың ішінде электр
құрылғыларын пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ! Тоңазыту агенті мен оқшаулағыш газдар жанғыш келеді.
Құрылғыны авторландырылған орталық арқылы кәдеге жаратыңыз. От
көзінен аулақ ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны орналастыру кезінде, қуат сымының қысылып
қалмағанын немесе зақымданбағанын тексеріңіз.
5