Текст страницы
6. Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a пайдаланылған.
Тоңазытқышта қандай салқындатқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының
артындағы компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының ішіндегі
техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Құрылғыда тұтанғыш газ
(R-600a салқындатқышы) қолданылса, құрылғыны дұрыс тастау үшін
жергілікті уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
7. Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.
8. Тоңазытқыш контурында ағып кеткен жағдайда жанғыш газ-ауа
қоспасының пайда болуын болдырмау үшін бөлменің мөлшері құрылғының
ішіндегі әрбір 8 г r-600a салқындатқышына 1 м³ болуы керек. Зақымдану
белгілері пайда болған кезде құрылғыны розеткадан ажыратыңыз, егер
күмәндансаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
9. Оқшаулау үшін циклопентан қолданылған. Оқшаулау материалындағы
газды тастау үшін арнайы қоқысқа тастау шарасын орындау керек.
Экологиялық таза кәдеге жарату үшін жергілікті билік органдарына
хабарласыңыз.
10. Төтенше жағдай орын алғанда құрылғыны қуат көзінен дереу ағыту үшін
розетка қол жететін жерде тұруы керек.
11. Құрылғыны орнатқанда, қуат сымына нұқсан келмегеніне немесе оның
оратылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
12. Құрылғының артқы жағына көп ашалы розеткаларды немесе алмалы қуат
көздерін қоймаңыз.
13. Бұл құрылғы үйде және сол сияқты, дүкендердегі қызметкерлерге арналған
ас бөлмелерде,
-
кеңселерде және басқа жұмыс орындарында пайдалануға арналған;
-
ферма үйлерінде, қонақ үйдің қонақтары және басқа тұрғында жерлерде;
-
төсек және таңғы аспен жабдықтайтын жерлерде;
-
қоғамдық тағам орындарында және сол сияқты бөлшек сауда жасамайтын
жерлерде.
14. Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген элементтердегі желдеткіш
саңылауларды бітемей ашық ұстаңыз.
15. Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынған құралдардан басқа
механикалық заттарды не басқа құралдарды қолданбаңыз.
16. Өндіруші арнайы ұсынбаса, құрылғының тағам сақтайтын бөліктерінің ішіне
электр құрылғыларын қойып пайдаланбаңыз.
3
Қазақ
DA68-04858G-01_Simple_SBS_RS5000F_KK.indd 3
DA68-04858G-01_Simple_SBS_RS5000F_KK.indd 3
2025-07-30 10:32:58
2025-07-30 10:32:58