Текст страницы
5-қадам: Тазалау режимін таңдау
Ирригатордың 4 жұмыс режимі бар (су қысымының
ауқымы 275-тан 550 кПа-ға дейін). Ирригациялау кезінде
ҚОС/СӨНД батырмасына басу арқылы ирригатордың 4
жұмыс режимдерінің бірін таңдай аласыз. Сонымен қатар
ҚОС/СӨНД батырмасына біртіндеп басып отырып,
ағымдағы режимді басқасына ауыстыра аласыз:
• Soft – сезімтао тістер мен қызыл иектің тісаралық
аралықтарын абайлап тазалауға арналған режим
(ирригаторды пайдалануды бастағанда ұсынылады);
• Normal – иригациялаудың күнделікті қолдануға арналған
стандартты режимі: тісаралық аралықтардан тамақ
қалдықтарын кетіру және ортоконструкцияларға
(брекет-жүйелер, импланттар, көпір тәрізді протездер
мен қаптамалар) күтім жасау;
• Strong – тіс пен ауыз қуысын неғұрлым сапалы және
терең тазалауға арналған күшейтілген су ағысы бар
режим. Бұл режимді қызыл иек «Soft» және «Normal»
режимдеріне үйренгенде орнатыңыз;
• Pulse – режим судың лүпілдеген ағынымен қызыл иекке
уқалау жасауға және ауыз қуысын жалпы тазалауға
арналғн. Қызыл иекті уқалау қанның микроайналымын
нығайтады, бұл пародонтит пен пародонтоздың тиімді
алдын алу болады.
Ескертпе:
1. Ирригатор жад функциясымен жабдықталған. Қуатты
қайталап іске қосқанда алдыңғы іске қосқанда орнатқан
режим таңдалатын болады.
2. Ирригатордың жұмыс істеу уақыты 90 секунд (+/- 2
секунд) таңдалған режимге байланыссыз. Осы уақыт
аяқталғаннан кейін құрылғы автоматты түрде сөнеді.
21