Текст страницы
6-қадам: Аяқтау
Тазалауды аяқтағаннан кейін қуатты сөндіру батырмасын
басыңыз. Сұйықтыққа арналған резервуарды шешіп
алыңыз және онда қалған суды ағызыңыз. Егер су емес,
арнайы ерітіндіні пайдалансаңыз, онда ирригаторды одан
кейін міндетті түрде жуып-шайыңыз. Бұл үшін резервуарға
су құйыңыз, аспаптың өзін және түрде жуып-шайыңыз. Бұл
үшін резервуарға су құйыңыз, аспаптың өзін және
қондырманы төмен қарай шұңғылшаға бағыттай отырып,
резервуарға су құйыңыз.
Аспапты ұзақ пайдаланғандағы осы сақтық шаралары оның
бөлшектерінде әкті жұғынның және жағымсыз иістің пайда
болуына жол бермеуге көмектеседі. Қажет болса,
аккумуляторлық батареяны зарядтаңыз.
7-қадам: Аккумуляторды зарядтау
Назар аударыңыз! Аккумулятор зарядталған кезде
құрылғыны пайдалануға болмайды.
1. Ирригаторды сатып алғаннан кейін бірден оны
максималды деңгейге дейін үзіліссіз режимде зарядтаңыз.
Аккумуляторды зарядтау үшін жиынтыққа кіретін USB
Type-C кәбілді пайдаланыңыз.
2. Қосымша зарядтаған кезде жанып тұрған индикаторлар
(режимдер) саны заряд қуатының ағымдағы деңгейін
көрсетеді. Индикаторлар реттілікпен жыпылықтайды,
индикаторлар жыпылықтауының тоқтауы аккумулятор
зарядталуы аяқталғанын куәландырады. Режимдердің
барлық индикаторлары бір түспен бір мезгілде жанып
тұрады.
3. Егер режим индикаторы жыпылықтаса – бұл уақтылы
қосымша зарядтау қажеттілігін көрсете отырып,
аккумулятор зарядының деңгейі төмен екенін білдіреді.
Егер индикатор 3 рет жыпылықтап, содан кейін сөніп қалса
– аспап толығымен разрядталды дегені. Іске қосу
батырмасын басқанда ирригатор жұмыс істемейтін болады,
зарядтау керек.
4. Аккумулятордың толық зарядталуының уақыты 4 сағат
22