Текст страницы
5. КҮТІМ ЖАСАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Құрылғының негізгі блогын тазарту:
1. Ирригаторды тазарту үшін су немесе бейтарап жуғыш
құралды пайдаланыңыз, бұйымды зақымдамай, оның
өнімділігін төмендетпеу үшін жемір немесе қажақ
тазартқыш құралдарды, 50 ℃-ден жоғары ыстық суды
пайдаланбаңыз.
2. Ирригатор су өткізбейтін болғанына қарамастан, оны суға
салып қоймаңыз. Қажет болса, аспаптың бетін суға немесе
сабынды ерітіндіге шыланған жұмсақ матамен сүртіп
алыңыз. Жуып-шайғаннан кейін құрылғыны бір кесек
шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
3. Сорушы түтікті таза сумен жуып-шайып, құрғақ матамен
сүрту керек. Бүгуге, тартуға және бұрауға болмайды.
Суға арналған резервуарды және қондырмаларды
тазарту:
1. Резервуардың ішкі бетін таза сумен жуып-шайыңыз.
Қосымша тек қана бейтарап тазартқыш құралдарды
пайдалануға болады. Содан кейін сыртқы жағын жұмсақ
матамен сүртіп, сыйымдылықтың ішін кептіріңіз.
2. Қондырмаларды жылы таза сумен жуып-шайып, жұмсақ
матамен сүртіп алыңыз. Қондырмаларды әр 6 ай сайын
ауыстыру ұсынылады.
Әкті жұғынды кетіру:
1. Пайдалану барысында құрылғының ішінде әкті жұғынды
және басқа түзілімдер жиналуы мүмкін. Бұл судың
кермектілігіне байланысты. Еге жиналған жұғынды уақтылы
кетірілмесе, құрылғының жұмыс тиімділігі мен қызмет
мерзімі төмендейді.
2. Әкті жұғын сонымен қатар ауру тудыратын
бактериялардың және микроағзалардың көбеюі үшін
пайдалы орта болып табылады. Оны кетіру үшін
ирригаторды тазартуға арналған арнайы құралды
пайдаланыңыз. Осындай құралда ұсынылған нұсқаулыққа
сәйкес әрекет етіңіз.
3. Ирригаторға тазартуды әр 1-3 ай сайын судың
кермектілігіне байланысты жүргізу ұсынылады.
6. КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
23