Текст страницы
POLSKI ҚАЗАҚ
Өтінеміз, құралды пайдалануға кіріспес бұрын, нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты сақтаңыз, ол болашақта Сізге керек болуы мүмкін.
Маңызды! Жылдың суық мезгілінде сатып алынған құралды электр желісіне қоспас бұрын, істен шығуына
жол бермеу үшін бөлме температурасында кемінде төрт сағат ұстау қажет.
Аталған құрал кофе, дəмдеуіштерді, жаңғақтар мен кептірілген жемістерді ұнтақтауға арналған.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
ЕАЭО (Беларусь, Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан)
елдерінде жəне Украинада, Грузияда, Əзірбайжанда
Номинал кернеу: 220-240 В
Тоқтың номинал жиілігі: 50 Гц
Номинал тұтынылатын қуаты: 160 Вт
стандартты кепілді мерзімі – он екі ай.
ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
• Пайдалану кезінде сынуына жол бермеу үшін құралды қолданбас бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс пайдаланбау
бұйымның сынып қалуына əкеп соғып, пайдаланушыға материалдық залал келтіруі немесе денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
• Алғашқы қоспас бұрын бұйымның техникалық ерекшеліктері электр желісінің параметрлеріне сəйкес келетінін тексеріңіз.
• Құрал төмен дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттіліктері бар тұлғалардың (балаларды қоса есептегенде) немесе оларда тəжірибе
немесе білім болмаған жағдайда, егер де олар бақылау астында болмаса немесе қауіпсіздігіне жауапты адамның құралды пайдалану
туралы нұсқаулықтан өтпесе, қолдануына болмайды.
• Қуат білтесі зақымданған кезде қауіпті болдырмау үшін оны өндіруші, сервистік қызмет немесе ұқсас білікті персонал ауыстыруы тиіс.
• Құралды тек авторизацияланған сервис орталығында ғана жөндеу қажет. Құралды өздігінен жөндемеңіз.
• Электр тоғының соғуын болдырмас үшін кофе ұнтақтағыш корпусын немесе қуат білтесін суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Егер де ондай болса, құралды дереу электр желісінен сөндіріңіз жəне оны кейін пайдаланбас бұрын, құралдың жұмысқа қабілеттілігі
мен қауіпсіздігін білікті мамандарға тексертіңіз.
• Электр баусымның үстел шетінен немесе ыстық бет үстінде жалбырауына жол бермеңіз. Қуат көзінің білтесі өткір жиекке жəне ыстық
беттерге тимеуін қадағалаңыз.
• Құрал құрғақ түзу бет үстінде орнықты тұруы тиіс. Оны ыстық бет үстіне, сонымен қатар, жылу көздерінің жанына (мысалы, газ немесе
электр плиталары) қоймаңыз.
• Қосылып тұрған құралды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін бақылау астында
болуы қажет.
• Электр тоғының соғуына жəне құралдың сынуына жол бермеу үшін тек жеткізіп салу жиынтығына кіретін керек-жарақтарды ғана
пайдаланыңыз.
• Құралды нұсқаулықпен көзделмеген мақсаттарда пайдаланбаңыз.
• Үй-жайлардан тыс пайдаланбау.
• Құрал тек үй жағдайында пайдалануға арналған. Құрал өнеркəсіптік қолдануға арналмаған.
• Егер де жұмыс істеп тұрған құралдың жанында балалар болса, аса мұқият болыңыз.
• Өндіруші ұсынбаған аксессуарларды ешқашан пайдаланбаңыз. Олар пайдаланушыға қауіп төндіруі мүмкін, сондай-ақ, құралдың
зақымдануы ықтимал.
• Құралды білтесінен тартып тұрып ешқашан қозғалтпаңыз. Желілік баусымды құралға шындап байламаңыз жəне майыстырмаңыз.
Құралды электр желісінен сөндірген кезде білтесінен тартпай, айырынан ұстаңыз.
• Құралдың қозғалатын бөліктеріне қол тигізбеңіз.
• Пышақты пайдаланған кезде абай болыңыз.
• Кофе ұнтақтағышты пайдаланбас бұрын, онда бөгде заттардың жоғын тексеріңіз.
• Үздіксіз жұмыстың ең жоғарғы рұқсат етілген уақыты – кемінде 3 минут міндетті түрдегі үзіліспен, 30 секундтан асырмай.
• Жұмысты аяқтаған сайын, қақпағын шешпес бұрын құралдың сөніп тұрғанына, электр желісінен ажыратылғанына жəне қозғалтқыштың
толық тоқтағанына көз жеткізіңіз.
• Құралды ол электр желісіне қосылып тұрған кезде бөлшектеуге тыйым салынады. Құралды тазаламас бұрын немесе Сіз оны
пайдаланбасаңыз, электр желісінен əрдайым сөндіріп отырыңыз.
• Өндіруші қосымша хабарлаусыз қауіпсіздігіне, жұмысқа қабілеттігіне жəне атқарымдылығына айтарлықтай əсер етпейтін бұйымның
құрылымына болмашы өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады.
ПАЙДАЛАНУ
• Қолданбас бұрын құралдың сыртқы жəне ішкі бөліктерінде зақымданулар, кетіктер жəне басқа ақаулардың жоғына көз жеткізіңіз.
Кофе ұнтақтағыш түйіршік түріндегі кофені ұсақтауға арналған.
• Майдың жоғары құрамы бар (мысалы, арахис) немесе тым қатты өнімдерді (мысалы, күріш) өңдеуге кеңес берілмейді.
• Кофе ұнтақтағыштың ең жоғарғы сыйымдылығы – түйіршіктің 65г. Кофе түйіршіктерін кофе ұнтақтағыштың 2/3-нен асырмай салыңыз,
кофе ұнтақтағышты жиегінен жоғары етіп ешқашан толтырмаңыз. Ұнтақталған кофе мөлшері түйіршіктер санына жəне ұнтақтау
уақытына байланысты болады. Ұнтақталған кофені алу үшін келесі мөлшер мен ұнтақтау уақыты ұсынылады: 20г - максимум 20 сек.;
40г - максимум 25 сек.; 65г - максимум 30 сек. Ұнтақтау уақытын қысқартқан кезде аса ірі бөлшектерін алады.
• Құралды түзу, қатты көлденең бет үстіне орнатыңыз. Құралдың электр желісінен сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Қорғаныс қақпағын шешіп алыңыз.
• Кофе ұнтақтағышқа өнімдерді салыңыз.
• Өнімге толтырылған кофе ұнтақтағышты кофе ұнтақтағыш корпусы мен қақпағындағы дөңбек беттерді біріктіріп, қақпақпен сенімді
етіп жабыңыз (құлып белгісі).
• Қуат білтесін толық жазып, кофе ұнтақтағышты электр желісіне қосыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: қақпағы ашық құралды электр
желісіне қосуға тыйым салынады.
• Кофе ұнтақтағыш импульстік режимде жұмыс істейді. Кофені ұнтақтау үшін кофе ұнтақтағышты қолмен ұстап тұрып, басқару
батырмасын басып, ұстап тұрыңыз (30 секундтан артық емес). Үздіксіз жұмыстың ең жоғарғы рұқсат етілген уақыты – кемінде 3 минут
міндетті түрдегі үзіліспен, 30 секундтан асырмай. Қатарынан төрт рет қосқан соң, 15 минут үзіліс жасауға кеңес беріледі.
• Ұнтақтау аяқталған соң, қосу батырмасын босатып, кофе ұнтақтағышты электр желісінен сөндіріңіз, қозғалтқыш толық тоқтағанша,
күтіңіз, қозғалмалы пышақ толық тоқтағанын күтіп, қақпақты ақырын шешіп алыңыз жəне ұнтақталған өнімдерді алып шығыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қант ұнтағын дайындаған соң, пышақтарды өнім қалдықтарынан мұқият тазалау қажет.