Текст страницы
POLSKI ҚАЗАҚ
ТАСЫМАЛДАУ, ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ САҚТАУ
ТАСЫМАЛДАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне/немесе қаптамасының сақталуын қамтамасыз ететін, жүктерді бекіту жəне бұдан əрі
қауіпсіз пайдалану ережелерін пайдалана отыра, жабық көліктің кез келген түрімен тасымалдау қажет. Құралды тиеу-түсіру жұмыстары кезінде
соққылы жүктемелерге ұшыратуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
ТАЗАЛАУ. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал бөліктерін ыдыс жуғыш машинада ешқашан жумаңыз. Химикаттар мен қажақ заттарды пайдаланбаңыз.
• Құралды тазаламас бұрын əрдайым электр желісінен сөндіріп отырыңыз.
• Кофе ұнтақтағыш толық суығанша, күтіңіз жəне сыртқы беттерін құрғақ жұмсақ матамен сүртіп шығыңыз. Жегі химиялық немесе қажақ
құралдарды пайдаланбаңыз. Оны ағын су астында жумаңыз жəне суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
• Əрбір пайдаланған соң, жұмсақ ылғалды матамен кофе ұнтақтағыш ішінен кофе қалдықтарын алып тастап отырыңыз жəне оны мұқият кептіріңіз.
• Құралды сақтауға жинамас бұрын, оның электр желісінен сөніп тұрғанына, толық суығанына жəне толық кептірілгеніне көз жеткізіңіз.
САҚТАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне бұдан əрі қауіпсіз қолданылуын сақтауды көздейтін жағдайларда, жабық үй-жайларда сақтау
қажет. Сақтауға жинамас бұрын құрал мен оның барлық аксессуарларының толықтай кептірілгеніне көз жеткізіңіз.
ҚҰРАЛДЫ КƏДЕГЕ ЖАРАТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Құрал мен буып-түю материалдары қоршаған орта үшін ең аз зиянымен жəне өңіріңіздегі қалдықтарды кəдеге жарату жөніндегі қағидаларға
сəйкес кəдеге жаратылуы тиіс.
КЕПІЛДІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
Бұйымды сатып алған уақытта тексерілуін жəне Сіздің қатысуыңызбен кепілдік талонының толтырылуын талап етіңіз (сататын ұйымның
мөртабаны, сатылған күні жəне сатушының қолы). Кепілдік талонын ұсынбаған жағдайда немесе оны дұрыс толтырмаған уақытта, сапасы
жөніндегі шағымдар қабылданбайды жəне кепілдік арқылы жөндеу жүргізілмейді. Кепілдік талонын кепілдік мерзімі ішінде сервис орталығына
кез келген өтінішті жасаған кезде ұсыну қажет. Бұйым сервистік қызмет көрсетуге тек толықтай жинақталған түрінде ғана қабылданады. Кепілдік
мерзімі сатып алушыға сатқан сəттен бастап есептеледі. Сізден бұйымның сатып алынған күнін растайтын құжаттарды сақтауыңызды сұраймыз
(тауар немесе касса чегі). Бұйымыңызға кепілдік арқылы тегін қызмет көрсету шартына бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына
сəйкес жеке тұрмыстық қажеттілік шегінен шықпайтын, дұрыс пайдалану, механикалық зақымдаулардың жəне бұйымды ұқыпсыз пайдалану
салдарының жоқтығы жатады. Бұйым кепілдік арқылы қызмет көрсетуге таза түрінде ұсынылады (мүмкін болатын жерлерінде қажалған жəне
үрленген). Кепілдік кепілдік мерзімі ішінде анықталған барлық өндірістік жəне құрылымдық ақауларға таралады («Кепілдік таратылмайды»
бөлімінде көрсетілгендерден басқа). Бұл кезеңде шығыс материалдарынан басқа ақау бөлшектері кепілдікті сервис орталығында тегін түрде
ауыстыруға жатады.
.
EKSPLOATACJA
КЕПІЛДІК ТАРАТЫЛМАЙДЫ
1.Форс-мажорлық жағдайлар туғызған ақаулар.
2.Бұйымды жеке тұрмыстық жағдайларының шегінен шығатын мақсаттарда бұйымның зақымдануы (яғни, өнеркəсіптік немесе коммерциялық
мақсаттарда).
3.Шығыс материалдары мен аксессуарлар.
4. Шамадан тыс жүктелуі, дұрыс пайдаланбау, бұйым ішіне сұйықтықтардың, шаңның, жəндіктердің, бөгде заттардың кіруі туғызған ақаулар.
5.Өкілетті сервис орталықтарынан немесе кепілдікті шеберханалардан тыс жөндеуге ұшыраған бұйымдар.
6.Пайдаланушының бұйым құрылымына өзгерістерді енгізу немесе құрамдас бөліктерін біліксіз ауыстыру салдарынан болған зақымдаулар.
7.Қолдану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзу.
8.Жеткізу желісінің кернеуін дұрыс орнатпау (қажет болса).
9.Техникалық өзгерістер енгізу.
10.Ұқыпсыз пайдалану, бұйымды дұрыс тасымалдамау жəне сақтамау, бұйымның құлау салдарынан болған механикалық зақымдаулар.
11. Жануарлардың кінəсінен болған зақым (соның ішінде, кеміргіштер мен жəндіктер).
Өндіруші: Холсан Электрик Кампани Лимитед
Жасалған күні туралы ақпаратты жеке қаптамасынан қараңыз
Кепілдік қызметі үшін сатып алған жеріңізге хабарласыңыз.