Текст страницы
Аралас
Гриль балық пен көмбештерді дайындау үшін қолданылатын 1-аралас дайын-
дау режиміндегі АЖЖ-дан ұзағырақ жұмыс істейді. АЖЖ көмбеш, омлет, кар-
топ көмбеші мен құс етін дайындау үшін қолданылатын 2-аралас дайындау ре-
жиміндегі грильге қарағанда ұзағырақ жұмыс істейді.
1. Күту режимінде «Co-1» немесе «Co-2» таңдау үшін ГРИЛЬ+АЖЖ
(ГРИЛЬ+СВЧ) түймесін тиісінше бір немесе екі рет басыңыз.
2. Дайындау уақытын орнату үшін МӘЗІР/УАҚЫТ (МЕНЮ/ТАЙМЕР) тұтқасын
бұраңыз. 10 секундтан 95 минутқа дейінгі уақыт диапазоны қолжетімді.
3. Растау үшін СТАРТ/ЖЫЛДАМ СТАРТ (СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ) түймесін ба-
сыңыз.
Ескерту. Дайындау кезінде сіз ГРИЛЬ+АЖЖ (ГРИЛЬ+СВЧ) түймесін басып
аралас режимде жұмыс қуатын тексере аласыз.
Жылдам еріту
1. Күту режимінде ЖЫЛДАМ ЕРІТУ (БЫСТРАЯ РАЗМОРОЗКА) түймесін бір рет
басыңыз.
2. Еріту уақытын орнату үшін МӘЗІР/УАҚЫТ (МЕНЮ/ТАЙМЕР) тұтқасын
бұраңыз. 10 секундтан 95 минутқа дейінгі уақыт диапазоны қолжетімді.
3. Растау үшін СТАРТ/ЖЫЛДАМ СТАРТ (СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ) түймесін ба-
сыңыз.
Ескерту. Еріту барысында пеш пайдаланушыға өнімдерді аудару керектігін
еске салу үшін жұмысын тоқтата тұрады және дыбыстық сигнал шығарады,
содан кейін ерітуді жалғастыру үшін СТАРТ/ЖЫЛДАМ СТАРТ (СТАРТ/БЫ-
СТРЫЙ СТАРТ) түймесін басыңыз.
Салмақ бойынша еріту
Еріту уақыты мен қуат деңгейі өнімнің салмағын бағдарламалағаннан кейін
автоматты түрде орнатылады. Мұздатылған өнімдердің салмақ диапазоны
100 грамнан 1800 грамға дейін құрайды.
1. Күту режимінде өнімнің салмағын орнату үшін ЕРІТУ (РАЗМОРОЗКА) түй-
месін бірнеше рет басыңыз.
2. Растау үшін СТАРТ/ЖЫЛДАМ СТАРТ (СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ) түймесін ба-

13