Текст страницы
Алдын ала орнату
Бұл функция пешті іске қосуды кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
1. Дайындау бағдарламасын енгізіңіз (жылдам дайындауды, автоматты
ерітуді және тез ерітуді қоспағанда). СТАРТ/ЖЫЛДАМ СТАРТ (СТАРТ/БЫ-
СТРЫЙ СТАРТ) түймесін баспаңыз.
2. АЛДЫН АЛА ОРНАТУ (НАСТРОЙКИ) түймесін бір рет басыңыз.
3. Сағатты орнату үшін МӘЗІР/УАҚЫТ (МЕНЮ/ТАЙМЕР) тұтқасын бұраңыз.
4. АЛДЫН АЛА ОРНАТУ (НАСТРОЙКИ) түймесін бір рет басыңыз.
5. Минуттарды орнату үшін МӘЗІР/УАҚЫТ (МЕНЮ/ТАЙМЕР) тұтқасын
бұраңыз.
6. Растау үшін СТАРТ/ЖЫЛДАМ СТАРТ (СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ) түймесін ба-
сыңыз.
Ескерту. Белгіленген уақытқа жеткенде дыбыстық сигнал естіледі, бұл бел-
гіленген дайындау бағдарламасының орындай басталуын білдіреді. Алдын
ала теңшеу режимінде АЛДЫН АЛА ОРНАТУ (НАСТРОЙКИ) түймесін бір рет
басу арқылы белгіленген уақытты тексеруге болады. Алдын ала орнату уақы-
тын көрсету кезінде ҮЗІЛІС/ЖОЮ (ПАУЗА/ОТМЕНА) түймесін басу арқылы
берілген бағдарламадан бас тартуға болады.
Автоматты тазалау
Ыдысқа 200 мл су құйып микротолқынды пешке қойыңыз.
1. Күту режимінде МӘЗІР/УАҚЫТ (МЕНЮ/ТАЙМЕР) тұтқасын сағат тіліне қар-
сы бұраңыз, екі рет, дисплейде «A-10» пайда болады.
2. Іске қосу үшін СТАРТ/ЖЫЛДАМ СТАРТ (СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ) түймесін
басыңыз.
Ескерту. Тазалау уақыты 5 минутты құрайды.
Балалардан бұғаттау
Бұғаттау балалардың пешті пайдалануына жол бермейді.
Балалардан бұғаттауды қосу үшін: күту режимінде, егер бір минут ішінде
ешқандай әрекет жасалмаса, пеш автоматты түрде балалардан бұғаттау ре-
жиміне өтеді және бұғаттау индикаторы қосылады. Бұғатталған кезде барлық
түймелер өшірулі болады.
Әрекетті болдырмау үшін: балалардан бұғаттау режимінде пештің есікшесін
ашыңыз немесе жабыңыз, сосын бұғаттау индикаторы сөнеді.
14