Текст страницы
KZ
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ
түймесін басыңыз; индикатор
шамы өшсе, демек есікті
ашуға болады.
АЛҒАШ РЕТ ҚОЛДАНУ
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет пайдаланбас
бұрын, «Өзін-өзі тазалау» циклін орнатып, кірлерді салмай-ақ, жуғыш
затпен жуу циклін іске қосыңыз.
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ
«АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР» бөліміндегі ұсыныстарды орын
дау арқылы кірлерді дайындаңыз.
Жылдам бағдарламалау
- ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін басу арқылы кір жуғыш машинаны
қосыңыз.
- Есікті ашыңыз. Циклдер кестесінде көрсетілген максималды
жүктеме мөлшерінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді
салыңыз.
- Жуғыш зат тартпасын ашып, «ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ» тарауында
айтылғандай жуғыш затты тиісті бөлікке құйыңыз.
- Есікті жабыңыз.
- Жуу циклін бастау үшін PUSH & GO түймесін басыңыз.
Әдеттегі бағдарламалау.
- ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін басу арқылы кір жуғыш машинаны
қосыңыз.
- Есікті ашыңыз. Жуу циклдерінің кестесінде көрсетілген максималды
жүктеме мөлшерінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді
салыңыз.
- Жуғыш зат тартпасын ашып, «ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ» тарауында
айтылғандай жуғыш затты тиісті бөлікке құйыңыз.
- Есікті жабыңыз.
- ЖУУ ЦИКЛІ тұтқасын қажетті циклге орнатыңыз.
- Температураны және/немесе сығу жылдамдығын өзгерту:
түймесі басылса, температура салқын сумен жуу циклінің деңгейіне
(20°C) дейін біртіндеп төмендейді.
түймесін басу арқылы сығу
жылдамдығын толығымен өшірілгенше біртіндеп төмендетуге
болады (
параметрі). Бұл түймелер тағыда басылса, ең жоғарғы
мәндер қалпына келеді.
- Қажетті опцияларды таңдаңыз.
- Жуу циклін бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін
басыңыз; тиісті жасыл түсті индикатор шамы жасыл түспен бір
қалыпты жанып, есік құлыпталады (
индикатор шамы жанып
тұрады).
ЦИКЛДІ ТОҚТАТА ТҰРУ
Жуу циклін тоқтата тұру үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін
тағы бір рет басыңыз; индикатор қызғылт сары және жасыл болып
жыпылықтайды.
индикатор шамы жанып тұрмаса, демек есікті
ашуға болады (шамамен 3 минут күтіңіз). Жуу циклін тоқтатылған
жерінен бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түмесін тағы бір рет
басыңыз.
ҚАЖЕТ БОЛСА, ЕСІКТІ АШУ
Цикл басталғаннан кейін
индикатор шамы есік ашылмайтынын
білдіру үшін жанады. Жуу циклі орындалып жатқан кезде есік
құлыпталып тұрады. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу
үшін, мысалы, тағы зат салу немесе алу үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ
түймесін басып, циклді тоқтатып қойыңыз; индикатор
қызғылт сары және жасыл болып жыпылықтайды.
индикатор
шамы жанып тұрмаса, демек есікті ашуға болады (шамамен 3 минут
күтіңіз). Циклді жалғастыру үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін
қайтадан басыңыз.
ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ЖУУ ЦИКЛІН ӨЗГЕРТУ
Орындалып жатқан жуу циклін өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз (тиісті
индикатор шамы сарғылт түспен жыпылықтайды), одан кейін
қажетті циклді таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін қайта
басыңыз..
! Басталып қойған циклді доғару үшін ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін
басып тұрыңыз.
Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.
ЦИКЛДІҢ СОҢЫ
Цикл тоқтағаннан кейін
индикатор шамы жанады;
индикатор
шамы сөнген кезде есікті ашуға болады. Есікті ашып, кірлерді алыңыз
да, құрылғыны өшіріңіз. Егер ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін баспасыңыз,
жуғыш машина шамамен 10 минуттан кейін автоматты түрде сөнеді.
ОПЦИЯЛАР
ЖУУ ЦИКЛДЕРІ
Заттардың күтім көрсету жапсырмаларындағы таңбалардағы
нұсқауларды орындаңыз. Таңбада көрсетілген мән — затты жууға
ұсынылған максималды температура.
Күнделікті мақта-мата
Мақта-мата заттарға арналған циклі. Ол жақсы жуу нәтижесін
қамтамасыз ете отырып, электр тогын тұтыну мөлшерін азайтуға
мүмкіндік береді. Аздап кірленген киімдерді жуу үшін жарамды.
Күнделікті синтетика
Синтетикалық заттарға арналған циклі. Ол жақсы жуу нәтижесін
қамтамасыз ете отырып, электр тогын тұтыну мөлшерін азайтуға
мүмкіндік береді. Аздап кірленген киімдерді жуу үшін жарамды.
Түрлі-түсті киімдер
Түстерді сақтауға, түрлі-түсті мақта-мата немесе синтетикалық
заттарға жарамды циклі. Ол жақсы жуу нәтижесін қамтамасыз ете
отырып, электр тогын тұтыну мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.
Аздап кірленген киімдерді жуу үшін жарамды.
Нәзік
Өте нәзік киімдерді жууға жарамды. Жумас бұрын киімдердің ішін
сыртқа қаратқан жөн. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін нәзік
киімдермен сұйық жуғыш затты пайдаланыңыз.
Жылдам 30 мин
Аздап кірленген заттарды аз уақытта жууға арналған. Жүннен
немесе жібектен жасалған және қолмен жууды қажет ететін киімдер
үшін жарамайды.
Мақта 40°
Төзімді зығырдан және мақта-матадан жасалған, қатты кірленген
орамал, іш киім, асжаулық, т.б. заттарды жууға жарамды.
Синтетика
Синтетикалық талшықтардан (мысалы, полиэфир, полиакрил,
вискоза,
т.б.)
немесе
аралас
синтетикалық-мақта-мата
талшықтарынан жасалған, орташа кірленген заттарды жууға
жарамды.
Аралас
Мақта-матадан және синтетикадан жасалған заттарды бірге жууға
арналған 40°C циклі. Аздап кірленген іш киімдерді жуу үшін жарамды.
Мақта 60°
Орташа кірленген мақта-мата заттарды жууға жарамды. 60°C-та бұл
— мақта-матта заттарды жууға арналған стандартты цикл, сондай-ақ
ол тұтынылатын су мен электр тогы мөлшері тұрғысынан ең тиімді
цикл.
Ақ түсті мақта-мата
Қатты ластанған ақ түсті заттар мен төзімді түрлі-түсті кірлер.
Спорттық киімдер
Аз ластанған спорттық киімдерді (спорттық костюмдер, шолақ
шалбарлар және т.б.) жууға арналған цикл; ең жақсы нәтижеге қол
жеткізу үшін «Жуу циклдерінің кестесінде» көрсетілген максималды
жүктеме мәнінен асып кетпеген жөн. Сұйық жуғыш затты жартылай
жүктеуге қолайлы мөлшерде қолдануды ұсынамыз.
Мамық көрпелер
Бір адамға арналған мамық көрпелер (салмағы 1,5 кг-нан аз болуы
керек), жастықтар немесе мамық салынған кеудешелер сияқты
қаз мамығы салынған заттарды жууға арналған. Көрпелерді салған
кезде, олардың шеттерін ішке қайыру керек, сондай-ақ барабанның
жалпы көлемінің ¾ бөлігінен асырмау керек. Ең жақсы нәтижеге қол
жеткізу үшін жуғыш зат тартпасына сұйық жуғыш зат құйған жөн.
Жүн
Тіпті жапсырмасында «тек қолмен жуу»
жазуы бар жүн киімдерін
қоса, барлық жүн киімдерін жуу үшін қолдануға болады. Ең жақсы
нәтижеге қол жеткізу үшін арнайы жуғыш затты қолданыңыз және
ең көбі 1,5 кг жүгінен аспаңыз.
Иістерді кетіру
Бұл бағдарламаны киімдегі қатпарларды азайту және үтіктеу
уақытын азайту үшін аз мөлшерде дақсыз мақта-мата, синтетикалық
немесе аралас кірді жуу үшін қолданыңыз. Бұл бағдарлама жуу
бағдарламасы емес. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш зат, ағартқыш
немесе дақ кетіргіш сияқты химиялық заттарды қоспаңыз.
Шаю + сығу
Шаю және сығуға арналған.
Сығу + ағызу
Сығу және суды ағызуға арналған.
ЖУУ ЦИКЛІ КЕЗЕҢІНІҢ ИНДИКАТОР ШАМДАРЫ
Қажетті жуу циклі таңдалып, басталғаннан кейін, индикатор
шамдары бірінен кейін бірі жанып, циклдің қай кезеңі орындалып
жатқанын білдіреді.
Стирка
Полоскание
Отжим
Конец цикла
- Таңдалған опция орнатылған жуу циклімен үйлесімді болмаса,
индикатор шамы жыпылықтайды және опция қосылмайды.
- Таңдалған опция оған дейін таңдалған басқа опциямен үйлесімді
болмаса, индикатор шамы жыпылықтап, және тек кейінгі опция
қосылады; таңдалған опцияға сәйкес келетін индикатор шамы
жанады.
-Кейбір қосымша мүмкіндіктер арнайы бағдарламаны таңдаған
кезде әдепкі бойынша қосылады және оларды өшіру мүмкін емес.
ҚҰЛЫПТАУЛЫ ЕСІК ИНДИКАТОРЫ
Жанып тұрған кезде бұл таңба есік құлыптаулы екенін білдіреді.
Кез келген зақымның алдын алу үшін есікті ашпас бұрын таңбаның
сөнгенін күтіңіз (шамамен 3 минут күтіңіз).
7